Жаңбыр, қар жауады: демалыс күндері ауа райы қандай болады

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматыдағы қар
Алматыдағы қар - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Алдағы күндері ауа райы құбылмалы болып, жаңбыр, қар жауады, деп хабарлады Қазгидромет.
Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында қар жауады, Солтүстік Қазақстан облысында қалың қар жауады, жексенбі күні Шығыс Қазақстан облысында қар жауады, аптаның басында республиканың оңтүстік облыстарында күндіз жауын-шашын мол түседі.
Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, екпінді жел соғады, елдің солтүстік жартысында бұрқасындатады. Апта басында солтүстік-батыс антициклонының кіруіне байланысты республиканың батысында жауын-шашын тоқтайды деп болжанып отыр.

Барлық өңірде күн салқындайды

Ауа температурасы батыста түнде 5 градус аяз-5 градус жылы, 0-10 жылыдан 2 градус аяз – 5 градус жылыға дейін біртіндеп төмендейді.
Солтүстік-батыста, солтүстікте түнде 6 аяз-5 жылыдан 0-8 аязға дейін, күндіз 3 аяз-5 жылыдан 5 аяз -2 жылыға дейін аздап төмендейді.
Шығыста түнде 3 градус аяз-5 градус жылыдан 7 градус аяз -2 градус жылыға дейін, күндіз 5-11 градус жылыдан 3 градус аяз -5 градус жылыға дейін аздап төмендейді.
Орталықта түнде 0-8 градус аяз, күндіз 3 градус аяз - 5 градус жылы болады.
Оңтүстікте түнде 0-10, күндіз 3-12 градус жылы болады.
Оңтүстік-шығыста түнде 0-8 градус жылы, таулы аймақтарда 0-5 градус аяз, күндіз 10-15 градус, таулы аймақтарда 3-8 градус жылы болады.
Жаңалықтар
0