Үкіметте отандық машина жасауды дамыту мәселесі талқыланды

© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте машина жасауды дамытудың өзекті мәселелері қаралды
Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте машина жасауды дамытудың өзекті мәселелері қаралды - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Үкіметте машина жасауды дамытудың өзекті мәселелері қаралды, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.
Кеңес барысында Машина жасау саласын дамытудың кешенді жоспарын және Вагон жасауды дамыту жөніндегі жол картасын әзірлеу, сондай-ақ жергілікті қамтуды дамыту және әлеуметтік үшжақты әріптестік жөніндегі салалық комиссияның жұмысының тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.
Премьер-министр саланы қолдау жөніндегі бастамаларды мақұлдады. Ол жергілікті қамтуды дамытуды нарықтық құралдар: оффтейк және офсеттік келісімшарттар есебінен ынталандыру қажет екенін атап өтті.
Бұдан басқа, ғылыми-өнеркәсіптік кластерлерді құру, машина жасау кәсіпорындарын шикізатпен, қолжетімді кредиттік ресурстармен және басқа да ынталандыру шараларымен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
"Біз сіздермен үнемі кездесіп тұрамыз. Ара-тұра жаңа мәселелер туындап жатады: олардың кейбірі бойынша бірден шешім қабылдасақ, басқалары нормативтік-құқықтық өзгерістерді қажет етеді. Бірқатар проблемалық мәселе бойынша егжей-тегжейлі зерттеу жүргізу қажет. Біз осы мәселелерді өзара бірлесіп шешуге тырысамыз", - деді Әлихан Смайылов отандық машина жасаушыларға қарата айтқан сөзінде.
Әлихан Смайылов мемлекеттік органдарға оларды егжей-тегжейлі пысықтауды тапсырды.
Кеңес қорытындысы бойынша премьер-министр барлық айтылған мәселе бақылауға алынатынын атап өтті.
Жаңалықтар
0