https://sputnik.kz/20221104/qazaqstan-inflyatsiya-syrtqy-faktorlar-toqaev-29045674.html
Қазақстандағы инфляцияға сыртқы факторлар ықпал етіп отыр – Тоқаев
Қазақстандағы инфляцияға сыртқы факторлар ықпал етіп отыр – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі инфляцияға не әсер етіп отырғанын айтты. 04.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-04T13:29+0500
2022-11-04T13:29+0500
2022-11-04T13:29+0500
экономика
инфляция
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/235/89/2358911_0:201:2925:1846_1920x0_80_0_0_161ff7cc0d01d2631c87263c78d19ec3.jpg
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі инфляцияға не әсер етіп отырғанын айтты.Тоқаев Қазақстан ашық экономика қағидатына берік болып қала беретінін атап өтті. Айтуынша, республика әлемнің 180 елімен сауда жасайды. Жаһандық экономикалық қиындықтарға қарамастан, елдің шикізаттық емес экспорты шамамен 40 пайызға өсті."Біз алдағы уақытта да инвестиция тарту бойынша Орталық Азиядағы көшбасшылық позициямызды нығайта береміз. Биылғы 6 айда шетелдік серіктестеріміз еліміздің экономикасына шамамен 15 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйды. Бұл былтырғы осы кезеңдегі көрсеткішпен салыстырғанда 30 пайызға көп", - деді президент.Айтуынша, Қазақстан жыл сайын 5 млн тоннадан астам бидай мен 1,5 млн тонна ұн экспорттайды."Әлемнің ең ірі он астық экспорттаушы елдер қатарына кіреміз. Қазақстан – зығыр тұқымын ірі өндірушілердің және майлы дақыл экспорттаушылардың бірі. Біздің стратегиялық мақсатымыз – саланың өндірісін 2,5 есе және экспортты 2 есе ұлғайту", - деп атап өтті мемлекет басшысы.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/235/89/2358911_96:0:2827:2048_1920x0_80_0_0_c90276ad1d317fbdf3f3c76bd65d18c2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
инфляция, қасым-жомарт тоқаев
инфляция, қасым-жомарт тоқаев
Қазақстандағы инфляцияға сыртқы факторлар ықпал етіп отыр – Тоқаев
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі инфляцияға не әсер етіп отырғанын айтты.
"Бізді шетелдік азық-түлік импортының жоғары деңгейі алаңдатады. Бұл инфляцияның өсуіне алып келеді. Сарапшылар Қазақстандағы инфляцияға сыртқы факторлар ықпал ететінін айтып отыр", - деді президент Қазақстанда тіркелген шетелдік дипломатиялық миссия басшыларымен кездесуде.
Тоқаев Қазақстан ашық экономика қағидатына берік болып қала беретінін атап өтті. Айтуынша, республика әлемнің 180 елімен сауда жасайды. Жаһандық экономикалық қиындықтарға қарамастан, елдің шикізаттық емес экспорты шамамен 40 пайызға өсті.
"Біз алдағы уақытта да инвестиция тарту бойынша Орталық Азиядағы көшбасшылық позициямызды нығайта береміз. Биылғы 6 айда шетелдік серіктестеріміз еліміздің экономикасына шамамен 15 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйды. Бұл былтырғы осы кезеңдегі көрсеткішпен салыстырғанда 30 пайызға көп", - деді президент.
Айтуынша, Қазақстан жыл сайын 5 млн тоннадан астам бидай мен 1,5 млн тонна ұн экспорттайды.
"Әлемнің ең ірі он астық экспорттаушы елдер қатарына кіреміз. Қазақстан – зығыр тұқымын ірі өндірушілердің және майлы дақыл экспорттаушылардың бірі. Біздің стратегиялық мақсатымыз – саланың өндірісін 2,5 есе және экспортты 2 есе ұлғайту", - деп атап өтті мемлекет басшысы.