https://sputnik.kz/20221104/kasiporyn-direktory-165-tonna-benzin-29035229.html
Кәсіпорын директоры 165 тонна бензинді елден заңсыз шығарған
Кәсіпорын директоры 165 тонна бензинді елден заңсыз шығарған
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Павлодарда 165 тонна АИ-95 маркалы бензинді цистерналарға құйып, елден заңсыз алып шыққан кәсіпорын директоры сотталды. 04.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-04T09:55+0500
2022-11-04T09:55+0500
2022-11-04T09:55+0500
өңірлер
бензин
https://sputnik.kz/img/10/41/104110_0:99:1921:1179_1920x0_80_0_0_33f99edbc89bde3721d9bcc0b531cfc0.jpg
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Павлодарда 165 тонна АИ-95 маркалы бензинді цистерналарға құйып, елден заңсыз алып шыққан кәсіпорын директоры сотталды.Қаржы мониторингі агенттігінің Павлодар облыстық департаменті АИ-95 маркалы бензині бар 3 вагон-цистернаны "жанармай қоспасы" деген желеумен елден заңсыз әкету фактісін анықтады. 165 тонна бензиннің жалпы құны 54 млн теңгені құраған.Сондай-ақ, дәл сол компания 89 млн теңге тұратын 280 тонна АИ-95 маркалы бензинді бес вагон-цистернамен Өзбекстанға экспорттамақ болған."Жалпы, аталған компания Өзбекстан мен Тәжікстанға 90 миллион доллардың 100 мың тоннадан астам жанар-жағармайын экспорттауды көздеген. ЖШС директоры өз кінәсін толығымен мойындады", - деп хабарлады ҚМА баспасөз қызметі.Тәркіленген бензин мемлекет кірісіне айналдырылып, сотталған азаматтан 54 млн теңге өндірілді.Сот үкімімен директор кінәлі деп танылып, үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/10/41/104110_108:0:1811:1277_1920x0_80_0_0_2533f16bc1e999438231433d6a62fa1f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бензин
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Павлодарда 165 тонна АИ-95 маркалы бензинді цистерналарға құйып, елден заңсыз алып шыққан кәсіпорын директоры сотталды.
Қаржы мониторингі агенттігінің Павлодар облыстық департаменті АИ-95 маркалы бензині бар 3 вагон-цистернаны "жанармай қоспасы" деген желеумен елден заңсыз әкету фактісін анықтады. 165 тонна бензиннің жалпы құны 54 млн теңгені құраған.
Сондай-ақ, дәл сол компания 89 млн теңге тұратын 280 тонна АИ-95 маркалы бензинді бес вагон-цистернамен Өзбекстанға экспорттамақ болған.
"Жалпы, аталған компания Өзбекстан мен Тәжікстанға 90 миллион доллардың 100 мың тоннадан астам жанар-жағармайын экспорттауды көздеген. ЖШС директоры өз кінәсін толығымен мойындады", - деп хабарлады ҚМА баспасөз қызметі.
Тәркіленген бензин мемлекет кірісіне айналдырылып, сотталған азаматтан 54 млн теңге өндірілді.
Сот үкімімен директор кінәлі деп танылып, үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.