https://sputnik.kz/20221104/almaty-salmagy-5-keli-sabi-29041189.html
Алматыда салмағы 5 келі сәби дүниеге келді
Алматыда салмағы 5 келі сәби дүниеге келді
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 4 қараша – Sputnik. 4-ші Алматы қалалық перзентханада салмағы 5 келі 100 грамм болатын қыз дүниеге келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 04.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-04T12:37+0500
2022-11-04T12:37+0500
2022-11-04T12:37+0500
өңірлер
алматы
сәби
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/04/29041585_0:0:1024:577_1920x0_80_0_0_e130c36a29609307ed1c3623d9a0d087.jpg
АЛМАТЫ, 4 қараша – Sputnik. 4-ші Алматы қалалық перзентханада салмағы 5 келі 100 грамм болатын қыз дүниеге келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Анасы қызын Дарья деп атады. Ол отбасындағы төртінші бала. Натальяның айтуынша, балалардың барлығының салмағы ірі болған. Іштегі нәрестенің үлкен болуы қазір сирек жағдай емес, дейді дәрігерлер. 4-ші перзентханада жыл басынан бері салмағы 4 келіден асатын 621 сәби дүниеге келген. Ал салмағы 5 келіден асатын 10 бала туды. Ультра-дыбыстық зерттеу кезінде Дарьяның салмағы 4600-4800 болады деп болжанған.Ірі нәрестенің даму себептері: жүкті әйелде қант диабетінің болуы, гемолитикалық ауру. Бұл сырқат бала мен ана резусының қайшылығынан болады.Сондай-ақ, тұқым қуалаушылық, екінші және кейінгі жүктілік және жүкті әйел көмірсутекті тағамды шамадан тыс жеген жағдайда болуы мүмкін.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/04/29041585_113:0:1024:683_1920x0_80_0_0_bae13a8271980fd08770afe593f143dc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, сәби
Алматыда салмағы 5 келі сәби дүниеге келді
АЛМАТЫ, 4 қараша – Sputnik. 4-ші Алматы қалалық перзентханада салмағы 5 келі 100 грамм болатын қыз дүниеге келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Анасы қызын Дарья деп атады. Ол отбасындағы төртінші бала. Натальяның айтуынша, балалардың барлығының салмағы ірі болған. Іштегі нәрестенің үлкен болуы қазір сирек жағдай емес, дейді дәрігерлер.
4-ші перзентханада жыл басынан бері салмағы 4 келіден асатын 621 сәби дүниеге келген. Ал салмағы 5 келіден асатын 10 бала туды. Ультра-дыбыстық зерттеу кезінде Дарьяның салмағы 4600-4800 болады деп болжанған.
"Кесарь тілігі арқылы босандыру жоспарланған. Бірақ әйел өзі босанды. Бәріміз дайын болдық. Қарашаның бірінде таңғы сағат 5:30-да сәби дүниеге келді", - дейді Алматы 4 перзентханасының акушер-гинекологы Айнұр Иманқұлова.
Ірі нәрестенің даму себептері: жүкті әйелде қант диабетінің болуы, гемолитикалық ауру. Бұл сырқат бала мен ана резусының қайшылығынан болады.
Сондай-ақ, тұқым қуалаушылық, екінші және кейінгі жүктілік және жүкті әйел көмірсутекті тағамды шамадан тыс жеген жағдайда болуы мүмкін.