Ер адам 12 жыл бойы еңбек құлдығында болған

© Sputnik / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Абай облысының полицейлері 12 жыл бойы құлдықта жүрген мүгедек адамды құтқарды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция жедел-профилактикалық іс-шараларды жүргізу барысында адам еңбегін қанау фактісін анықтады. Жарма ауданы Шар қаласы ПБ полиция қызметкеріне сол аумақтағы шаруа қожалығының басшысы қоңырау шалып, жаңа жұмысшы жалдағанын хабарлаған. Шаруа қожалығына келген полиция қызметкері жұмысқа жаңадан кіріскен жалдамалының құжаты жоқ екенін анықтаған. Жалдамалы жұмысшы полицияның қойған сұрақтарына да жауап бере алмаған.
"Бір шикілік барын сезген тәртіп сақшысы күдіктене бастайды. Шаруа қожалығының басшысы қасынан кеткенде полиция жәбірленушіден аты-жөнін біліп алады. Жәбірленушінің әпкесі бары анықталды. Оның айтуынша, бауырынан 2010 жылдан бері хабар жоқ", - дейді полиция.
Тергеу барысында жәбірленуші 2010 жылдың қараша айынан бастап 11 шаруа қожалығында құлдықта болғаны анықталған.
Бірнеше рет сотталған 54 жастағы Семей тұрғыны 26 жастағы Тарбағатай ауданының тұрғынымен Тұғыл ауылына балық аулауға барғанда танысқаны мәлім болды. Физикалық тұрғыдан жетілген жас жігіттің психикалық ауытқуын байқаған ол жігітті шаруашылықта жұмыс күші ретінде пайдалану туралы арам ойға келген. Күдікті жәбірленушіні 12 жыл бойы Семей қаласы, Абай, Ұлан және Жарма аудандарындағы шаруа қожалықтарында жұмыс істеу үшін сатқан.
54 жастағы күдікті шаруа қожалық иелеріне өзін жігіттің туысымын деп таныстырып, жәбірленушінің жалақысын алдын ала алып, қалтасына басып отырған. Жәбірленушінің жылдар бойғы еңбегіне төленген ақы 2 млн теңгені құраған. Сонымен қатар қаскөй мүгедектің ай сайынғы зейнетақы жинақтары мен әлеуметтік төлемдерін жымқырып отырған. Залалдың жалпы сомасы 4 млн теңгеден асады.
"Қазіргі уақытта жәбірленуші туыстарына табысталды, ал күдікті Қазақстан Қылмыстық кодексінің 128-бабының 2-бөлігі 2, 8, 11, 12-бөліктері (адам саудасы) және 190-бабы 1-тармағының 3-бөлігі (алаяқтық) бойынша кінәлі деп танылды. Сот үкімімен 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", – деді Абай облысы ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков.
Жаңалықтар
0