https://sputnik.kz/20221103/senat-konstitutsiyalyq-sot-28998219.html
Сенат Конституциялық сот туралы заңды қабылдады
Сенат Конституциялық сот туралы заңды қабылдады
Sputnik Қазақстан
Ол еліміздің барлық аумағында Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ететін орган болады 03.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-03T09:43+0500
2022-11-03T09:43+0500
2023-08-09T12:51+0500
конституциялық кеңес
сот
сенат
https://sputnik.kz/img/07e5/02/09/16244660_0:168:3045:1881_1920x0_80_0_0_676704b1bea378fed4aec196c4026eb1.jpg
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Сенат Конституциялық сот туралы заңды қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Заң аясында Конституциялық кеңес Конституциялық сот болып құрылады. Ол еліміздің барлық аумағында Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ететін орган болады. Ол үшін сотқа бірқатар құзірет беріледі. Олар: Конституциялық сотқа бас прокурор мен адам құқықтары жөніндегі уәкіл де жүгіне алады. Өтініштерді қарау тәртібі бес кезеңнен тұрады:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/09/16244660_157:0:2888:2048_1920x0_80_0_0_e8fe68fb2d04a489208434928d61a1b0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
конституциялық кеңес, сот, сенат
конституциялық кеңес, сот, сенат
Сенат Конституциялық сот туралы заңды қабылдады
09:43 03.11.2022 (жаңартылды: 12:51 09.08.2023) Ол еліміздің барлық аумағында Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ететін орган болады
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Сенат Конституциялық сот туралы заңды қабылдады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Заң аясында Конституциялық кеңес Конституциялық сот болып құрылады. Ол еліміздің барлық аумағында Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ететін орган болады. Ол үшін сотқа бірқатар құзірет беріледі. Олар:
сайлау өткізудің дұрыстығы мәселелерін қарау;
парламент қабылдаған заңдар мен халықаралық шарттарды олардың Конституцияға сәйкестігіне қарау;
Конституция нормаларына ресми түсініктеме беру;
азаматтардың өтініштері бойынша олардың құқықтары мен бостандығын тікелей қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін қарау.
Конституциялық сотқа бас прокурор мен адам құқықтары жөніндегі уәкіл де жүгіне алады. Өтініштерді қарау тәртібі бес кезеңнен тұрады:
1.
Конституциялық сот аппаратының жолданымдарды алдын ала қарауы
2.
Конституциялық іс жүргізуге жолданымды қабылдау
3.
Конституциялық соттың отырысында жолданымды қарау үшін материалдар дайындау
4.
Жолданымды қарау бойынша отырыс өткізу
5.
Түпкілікті шешім қабылдау.