https://sputnik.kz/20221103/qazaqstan-men-frantsiya-arasyndagy-tauar-aynalymy-23-mlrd-dollarga-osti-29009692.html
Қазақстан мен Франция арасындағы тауар айналымы 2,3 млрд долларға өсті
Қазақстан мен Франция арасындағы тауар айналымы 2,3 млрд долларға өсті
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 3 қараша – Sputnik. Қазақстан мен Франция арасындағы әріптестік қарым-қатынас 4 бағытта дамып келеді. Нәтижесінде екі мемлекет арасындағы тауар... 03.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-03T12:46+0500
2022-11-03T12:46+0500
2022-11-03T12:50+0500
франция
экономика
https://sputnik.kz/img/19/34/193413_0:142:3165:1922_1920x0_80_0_0_292c2cf545e9ec7d80df132b6da13c69.jpg
АЛМАТЫ, 3 қараша – Sputnik. Қазақстан мен Франция арасындағы әріптестік қарым-қатынас 4 бағытта дамып келеді. Нәтижесінде екі мемлекет арасындағы тауар айналымы биылғы жылдың сегіз айында $2,3 млрд-қа дейін өсті, деп хабарлайды индустрия және инфроқұрылымдық даму министрлігі.ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Францияның Еуропа және сыртқы істер министрі жанындағы сыртқы сауда және экономикалық тартымдылық жөніндегі министр-делегат, қазақ-француз үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Оливье Бештпен кездесті.Кездесуде екі тарап энергетика, жаңартылатын энергия көздері, көлік, авиация өнеркәсібі және ғарыш салаларындағы екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, шешу жолдарын қарастырды.Өз кезегінде Бешт Қазақстан Францияның маңызды серіктесі екенін айтты."Қазақ-француз үкіметаралық комиссиясының тең төрағалары деңгейіндегі тұрақты байланыс екі ел арасындағы ынтымақтастықтың маңызды өзекті бағыттарын талқылауға және өзекті мәселелер бойынша шешімдер табуға мүмкіндік береді", – деп атап өтті ол.
франция
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/19/34/193413_436:0:3165:2047_1920x0_80_0_0_b8d040f460d2a565eca1b45cf309878f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
франция
АЛМАТЫ, 3 қараша – Sputnik. Қазақстан мен Франция арасындағы әріптестік қарым-қатынас 4 бағытта дамып келеді. Нәтижесінде екі мемлекет арасындағы тауар айналымы биылғы жылдың сегіз айында $2,3 млрд-қа дейін өсті, деп хабарлайды индустрия және инфроқұрылымдық даму министрлігі.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Францияның Еуропа және сыртқы істер министрі жанындағы сыртқы сауда және экономикалық тартымдылық жөніндегі министр-делегат, қазақ-француз үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Оливье Бештпен кездесті.
Кездесуде екі тарап энергетика, жаңартылатын энергия көздері, көлік, авиация өнеркәсібі және ғарыш салаларындағы екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, шешу жолдарын қарастырды.
"Биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына 30 жыл толды. Осы уақыт ішінде мемлекеттердің қарым-қатынасы барлық негізгі бағыт бойынша қарқынды дамып келеді. Атап айтқанда, 2022 жылдың 8 айында тауар айналымы 12,2%-ға, яғни $2,3 млрд-қа дейін өсті", – деді Өскенбаев.
Өз кезегінде Бешт Қазақстан Францияның маңызды серіктесі екенін айтты.
"Қазақ-француз үкіметаралық комиссиясының тең төрағалары деңгейіндегі тұрақты байланыс екі ел арасындағы ынтымақтастықтың маңызды өзекті бағыттарын талқылауға және өзекті мәселелер бойынша шешімдер табуға мүмкіндік береді", – деп атап өтті ол.