https://sputnik.kz/20221103/qazaqstan-dron-ushyru-zhana-talaptar-29025121.html
Дрон ұшыру үшін жаңа талаптар енгізіледі
Дрон ұшыру үшін жаңа талаптар енгізіледі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Қазақстанда дрондар үшін ұшуға арналған және ұшуға шектеу қойылған екі аймақ пайда болады. 03.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-03T16:49+0500
2022-11-03T16:49+0500
2022-11-03T17:40+0500
қоғам
дрон
https://sputnik.kz/img/735/37/7353797_0:93:2053:1247_1920x0_80_0_0_2fb7be32cd2980af01c50cb077232195.jpg
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Қазақстанда дрондар үшін ұшуға арналған және ұшуға шектеу қойылған екі аймақ пайда болады.ИИДМ Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Ардақ Өтеповтің айтуынша, соңғы уақытта әуесқой және коммерциялық мақсаттағы аэрофототүсірілім барысында, түрлі тауарларды жеткізу және кәсіби талдау жұмыстары кезінде дрондар кеңінен қолданылып жүр. Дрон иелерінің саны артқан сайын оларды тіркеу мен ұшу аппараттарын тиімді пайдалану ережесі туралы да мәселе көтерілуде.Сол себепті биыл Қазақстанның әуе кеңістігін пайдалану туралы заңнамаға бірқатар түзету енгізу жоспарланып отыр.Қазақстанның авиация әкімшілігі ұшу аппараттарын тіркеуге алу, оларды алғашқы даярлықтан өткізу және сертификат беру, сондай-ақ халық тығыз қоныстанған аудандарда, кенттер мен елді мекендерде ұшуға рұқсатнама беру жұмыстарын жүзеге асырады.Бүгінде республикада 301 пилотсыз ұшу аппараты есепке алынған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/735/37/7353797_132:0:1919:1340_1920x0_80_0_0_7587f54c8828cb31fcf176693e1913d9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дрон
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Қазақстанда дрондар үшін ұшуға арналған және ұшуға шектеу қойылған екі аймақ пайда болады.
ИИДМ Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Ардақ Өтеповтің айтуынша, соңғы уақытта әуесқой және коммерциялық мақсаттағы аэрофототүсірілім барысында, түрлі тауарларды жеткізу және кәсіби талдау жұмыстары кезінде дрондар кеңінен қолданылып жүр. Дрон иелерінің саны артқан сайын оларды тіркеу мен ұшу аппараттарын тиімді пайдалану ережесі туралы да мәселе көтерілуде.
Сол себепті биыл Қазақстанның әуе кеңістігін пайдалану туралы заңнамаға бірқатар түзету енгізу жоспарланып отыр.
"Оның аясында ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттарына жаңа талаптар қарастырылған. Атап айтқанда, пилотсыз ұшу құрылғыларына арналған арнайы аймақ пен пилотсыз аппараттардың ұшуына шектеу қоятын аймақ енгізіледі", - деп хабарлайды индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
Қазақстанның авиация әкімшілігі ұшу аппараттарын тіркеуге алу, оларды алғашқы даярлықтан өткізу және сертификат беру, сондай-ақ халық тығыз қоныстанған аудандарда, кенттер мен елді мекендерде ұшуға рұқсатнама беру жұмыстарын жүзеге асырады.
Бүгінде республикада 301 пилотсыз ұшу аппараты есепке алынған.