https://sputnik.kz/20221103/oqushylar-qanday-zhagdayda-tumauga-baylanysty-qashyqtan-oqidy-29020803.html
Оқушылар қандай жағдайда тұмауға байланысты қашықтан оқиды
Оқушылар қандай жағдайда тұмауға байланысты қашықтан оқиды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті тұмауға байланысты мектеп оқушыларын онлайн форматқа... 03.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-03T15:24+0500
2022-11-03T15:24+0500
2022-11-03T15:24+0500
тұмау
https://sputnik.kz/img/07e4/09/07/14898699_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_43a7e9e7dca8a2af5e907fc854501dbb.jpg
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті тұмауға байланысты мектеп оқушыларын онлайн форматқа ауыстыру тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапованың айтуынша, бір сыныпта оқушылардың 30 проценті және одан көп бала респираторлық вирустық инфекциямен немесе тұмаумен ауырып қалса, барлығын онлайн форматқа ауыстыруға болады."Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің талаптарына сәйкес, бір инкубациялық кезеңде сыныпта балалардың 20-30 проценті жіті респираторлық вирустық инфекциямен ауырып қалса, кабинеттік білім беруден бас тартуға кеңес беріледі", - деді Қожапова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.Оның айтуынша, сыныпқа жаңа оқушыларды қабылдамаған дұрыс. Ал тұмауды жұқтыру көрсеткіші 30 проценттен асып кетсе, балалар онлайн оқыту форматына ауыстырылады.Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстанда 764 247 адам вирустық инфекция жұқтырған. Олардың арасында тұмау жұқтырғандар да аз емес.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/07/14898699_235:0:1735:1125_1920x0_80_0_0_6dfdec823e39fa96308604c217b70e83.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тұмау
Оқушылар қандай жағдайда тұмауға байланысты қашықтан оқиды
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті тұмауға байланысты мектеп оқушыларын онлайн форматқа ауыстыру тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапованың айтуынша, бір сыныпта оқушылардың 30 проценті және одан көп бала респираторлық вирустық инфекциямен немесе тұмаумен ауырып қалса, барлығын онлайн форматқа ауыстыруға болады.
"Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің талаптарына сәйкес, бір инкубациялық кезеңде сыныпта балалардың 20-30 проценті жіті респираторлық вирустық инфекциямен ауырып қалса, кабинеттік білім беруден бас тартуға кеңес беріледі", - деді Қожапова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның айтуынша, сыныпқа жаңа оқушыларды қабылдамаған дұрыс. Ал тұмауды жұқтыру көрсеткіші 30 проценттен асып кетсе, балалар онлайн оқыту форматына ауыстырылады.
Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстанда 764 247 адам вирустық инфекция жұқтырған. Олардың арасында тұмау жұқтырғандар да аз емес.