https://sputnik.kz/20221103/merzimi-otken-zhurgizushi-kualigin-qalay-auystyruga-bolady-29028438.html
Мерзімі өткен жүргізуші куәлігін қалай ауыстыруға болады
Мерзімі өткен жүргізуші куәлігін қалай ауыстыруға болады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Жаңа жүргізуші куәлігін оңай әрі жылдам алуға болады. Ең бастысы, құжаттың жарамдылық мерзімін өткізіп алмау керек, қажетті... 03.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-03T20:40+0500
2022-11-03T20:40+0500
2022-11-03T20:40+0500
жүргізуші куәлігі
https://sputnik.kz/img/355/36/3553694_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_8abc13dae3cce733dde1a617a765a822.jpg
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Жаңа жүргізуші куәлігін оңай әрі жылдам алуға болады. Ең бастысы, құжаттың жарамдылық мерзімін өткізіп алмау керек, қажетті құжаттарды жинап, куәлікті ауыстыруға өтінішті уақытында тапсыру қажет, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті.Мерзімі өткен жүргізуші куәлігін ауыстыру кезінде емтиханды қайта тапсыру қарастырылмаған. Қазақстанда жүргізуші куәлігі 10 жыл мерзімге беріледі, көрсетілген мерзім өткеннен кейін оны ауыстыру қажет, деп атап өтті тәртіп сақшылары.Жүргізуші куәлігін алдын ала ауыстырған дұрыс, себебі Қазақстанда мерзімі өтіп кеткен құжатпен көлікті жүргізу әкімшілік құқық бұзушылық болып саналады.Мерзімі өткен жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына хабарласу керек немесе eGov.kz немесе Kaspi.kz сайттары арқылы онлайн өтініш жолдау қажет."Мерзімі өткен жүргізуші куәлігін ауыстыру кезінде емтиханды қайта тапсыру қарастырылмаған. Мерзімі өткен жүргізуші куәлігін ауыстыруға өтініш берген кезде жеке куәлік, 1,25 АЕК көлемінде мемлекеттік баж салығын төлеу туралы түбіртек және 073-у үлгісіндегі медициналық анықтама сияқты құжаттар қажет", - дейді әкімшілік полиция басқармасының басшысы Еркін Әнуарбеков.Барлық жүргізуші мерзімі өткен жүргізуші куәлігін ауыстыра алады, оның ішінде ел азаматтары да, тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктер де бар.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/355/36/3553694_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_bb0ae9c864b16a9d6d03663ea984e992.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жүргізуші куәлігі
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Жаңа жүргізуші куәлігін оңай әрі жылдам алуға болады. Ең бастысы, құжаттың жарамдылық мерзімін өткізіп алмау керек, қажетті құжаттарды жинап, куәлікті ауыстыруға өтінішті уақытында тапсыру қажет, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті.
Мерзімі өткен жүргізуші куәлігін ауыстыру кезінде емтиханды қайта тапсыру қарастырылмаған. Қазақстанда жүргізуші куәлігі 10 жыл мерзімге беріледі, көрсетілген мерзім өткеннен кейін оны ауыстыру қажет, деп атап өтті тәртіп сақшылары.
Жүргізуші куәлігін алдын ала ауыстырған дұрыс, себебі Қазақстанда мерзімі өтіп кеткен құжатпен көлікті жүргізу әкімшілік құқық бұзушылық болып саналады.
"Егер құжаттың жарамдылық мерзімі өтіп кетсе, ал сіз оған мән бермей, көлік жүргізуді жалғастырсаңыз, 20 АЕК (63 600 теңге) айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартыласыз. Егер бір жыл ішінде бұл құқық бұзушылық екінші рет қайталанса, айыппұл 30 АЕК (95 400 теңге) құрайды", - деп толықтырды полиция департаментіндегілер.
Мерзімі өткен жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына хабарласу керек немесе eGov.kz немесе Kaspi.kz сайттары арқылы онлайн өтініш жолдау қажет.
"Мерзімі өткен жүргізуші куәлігін ауыстыру кезінде емтиханды қайта тапсыру қарастырылмаған. Мерзімі өткен жүргізуші куәлігін ауыстыруға өтініш берген кезде жеке куәлік, 1,25 АЕК көлемінде мемлекеттік баж салығын төлеу туралы түбіртек және 073-у үлгісіндегі медициналық анықтама сияқты құжаттар қажет", - дейді әкімшілік полиция басқармасының басшысы Еркін Әнуарбеков.
Барлық жүргізуші мерзімі өткен жүргізуші куәлігін ауыстыра алады, оның ішінде ел азаматтары да, тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктер де бар.