Спорт

Екі отандық телерна футболдан әлем чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Qazaqstan және Qazsport телеарналары футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді.
"Қазақстан" телерадиокорпорациясы биыл 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында Қатарда өтетін футолдан әлем чемпионатын көрсету құқығын иеленді.
"Қазақстандық жанкүйерлер чемпионат матчтарын Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан тікелей эфирде көре алады. Сонымен бірге qazaqstan.tv және qazsporttv.kz сайты мен Qazaqstan.tv мобильді қосымшасы арқылы онлайн трансляция жасалады", - делінген хабарламада.
ХХІІ әлем біріншілігі Қатардың 5 қаласында 8 стадионда өтеді. Трансляциядан бөлек, бір ай бойы тікелей эфирде арнайы бағдарламалар циклы ұйымдастырылады.
20 қарашадан бастап "Қазақстан" телерадиокорпорациясының түсірілім тобы Қатар стадиондарынан репортаж ұсынып, тікелей қосылымға шығады. Чемпионат кезінде корпорацияның әлеуметтік желідегі парақшаларында жанкүйерлер арасында футбол атрибуттары ойнатылады.
Айта кетері, әлем біріншілігінің ойындарын Қазақстан аумағында көрсету құқығы тек "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясына тиесілі. Чемпионатты өзге ақпарат көздерінен трансляциялауға, таратуға тыйым салынады.
Ел аумағындағы мемлекеттік және жекеменшік ғимараттар мен қоғамдық орындардағы көрсетілімдер де тек Qazaqstan және Qazsport телеарналарының эфирі арқылы жүзеге асуға тиіс.
Ойындарды жүргізетін комментаторлар мен матчтар кестесі жақын арада жарияланады.
Жаңалықтар
0