https://sputnik.kz/20221103/buu-qauipsizdik-kenesi-ukrainadagy-biologiyalyq-zertkhanalarga-qatysty-qarardy-qabyldamady-30562122.html
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Украинадағы биологиялық зертханаларға қатысты қарарды қабылдамады
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Украинадағы биологиялық зертханаларға қатысты қарарды қабылдамады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі Украинадағы әскери-биологиялық әрекеттерді тексеру жөніндегі комиссия құру туралы Ресей... 03.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-03T09:12+0500
2022-11-03T09:12+0500
2022-12-23T14:12+0500
бұұ
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/1c/18519260_0:0:3191:1796_1920x0_80_0_0_b6a05aa05089f335767fc6b0963f37cc.jpg
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі Украинадағы әскери-биологиялық әрекеттерді тексеру жөніндегі комиссия құру туралы Ресей қарарының жобасын қабылдамады, деп хабарлады РИА Новости.Ресей бастамашы болған құжат 15 дауыстың қажетті тоғыз дауысын алмады. Ресей мен Қытай қарар үшін дауыс берсе, АҚШ, Ұлыбритания және Франция қарсы дауыс берді. Қалған елдер қалыс қалды.Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Ресейдің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілінің орынбасары Дмитрий Полянский Батыстың қарар бойынша келіссөздерге кедергі келтіргенін айтты."Біз батыстық әріптестеріміздің қарар жобасы бойынша келіссөз процесіне кедергі келтіргенін көріп отырмыз. Батыс елдері Ресей ұсынған тиісті материалдарды қарайтын және олар бойынша тексеру жүргізетін комиссия құрудан қорқатыны белгілі", - деді тұрақты өкілдің бірінші орынбасары.Дауыс беруден кейін Полянский БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шешіміне наразы екенін айтып, Ресейдің Украина аумағындағы биологиялық зертханалардың қызметін тексеруді жалғастыратынын атап өтті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/1c/18519260_648:0:3191:1907_1920x0_80_0_0_68e4c66181d6333c3d8703a125ab5cf7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бұұ
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Украинадағы биологиялық зертханаларға қатысты қарарды қабылдамады
09:12 03.11.2022 (жаңартылды: 14:12 23.12.2022) АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі Украинадағы әскери-биологиялық әрекеттерді тексеру жөніндегі комиссия құру туралы Ресей қарарының жобасын қабылдамады, деп хабарлады РИА Новости.
Ресей бастамашы болған құжат 15 дауыстың қажетті тоғыз дауысын алмады. Ресей мен Қытай қарар үшін дауыс берсе, АҚШ, Ұлыбритания және Франция қарсы дауыс берді. Қалған елдер қалыс қалды.
Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Ресейдің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілінің орынбасары Дмитрий Полянский Батыстың қарар бойынша келіссөздерге кедергі келтіргенін айтты.
"Біз батыстық әріптестеріміздің қарар жобасы бойынша келіссөз процесіне кедергі келтіргенін көріп отырмыз. Батыс елдері Ресей ұсынған тиісті материалдарды қарайтын және олар бойынша тексеру жүргізетін комиссия құрудан қорқатыны белгілі", - деді тұрақты өкілдің бірінші орынбасары.
Дауыс беруден кейін Полянский БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шешіміне наразы екенін айтып, Ресейдің Украина аумағындағы биологиялық зертханалардың қызметін тексеруді жалғастыратынын атап өтті.