https://sputnik.kz/20221103/burabaydagy-ulttyq-sayabaq-kolderine-60-myn-tuqy-shabagy-zhiberildi-29028739.html
Бурабайдағы ұлттық саябақ көлдеріне 60 мың тұқы шабағы жіберілді
Бурабайдағы ұлттық саябақ көлдеріне 60 мың тұқы шабағы жіберілді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Щучье, Бурабай және Үлкен Шабақты көлдерінде 60 мың тұқы балығы жіберілді, деп хабарлады Қазақстан президентінің іс басқармасы. 03.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-03T19:30+0500
2022-11-03T19:30+0500
2022-11-03T19:30+0500
балық шаруашылығы
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/03/28996827_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_42ec1122182f716e9df58db296dde68e.jpg
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Щучье, Бурабай және Үлкен Шабақты көлдерінде 60 мың тұқы балығы жіберілді, деп хабарлады Қазақстан президентінің іс басқармасы.Әр шабақтың салмағы әзірге 25 грамм. "Бурабай" ұлттық саябағының жануарлар дүниесін қорғау және өсімін арттыру бөлімінің мамандары айтқандай, мұндай салмақтағы шабақтар (алты айда өскен тұқы шабақтары) қысты жақсы өткізіп, аз салмақ жоғалтады.Ұлттық саябақ көлдерiне балықтың қандай түрiн жіберу және оның шегін "Балық шаруашылығы ғылыми-өндiрiстiк орталығы" ЖШС-ның аймақтық филиалы көлдерге жүргізілген жыл сайынғы зерттеулерден кейiн белгiлейдi."Біз саябақ аумағындағы суаттарды балықпен толықтыруды берілген ұсынымдарға сәйкес тұрақты негізде жүргіземіз. 2010 жылдан 2019 жылға дейін ұлттық саябақ көлдеріне 477 мың тұқы балығы мен 19 миллионнан астам ақ балық түрлерінің – рипус пен пелядь дернәсілі жіберілді. Содан кейін пандемияға байланысты жұмыс тоқтатылды. Биыл біз бұл бағыттағы жұмыстарды қайта бастап, саябақтың ең үлкен үш көлін тұқы балықтарымен толықтырдық", - дейді "Бурабай" ұлттық саябағының инженер-ихтиологы Максим Пак.Президент әкімшілігіне қарасты ұйымдағылар ұлттық саябақ көлдерінің ихтиофаунасында тұқы балықтың климатқа бейімделген бағалы түрі екенін атап өтті. Ғалымдар тұқы балығының көбеюі көлдердің экожүйесіне оң әсер етеді деп есептейді. Ал су айдындарын үнемі балықпен толықтыру бақыланатын балық аулаудың көлдер биосферасына зиян тигізбеуіне ықпал етеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/03/28996827_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_55e69966cea142d767a2ce586d2d3bfc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
балық шаруашылығы
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Щучье, Бурабай және Үлкен Шабақты көлдерінде 60 мың тұқы балығы жіберілді, деп хабарлады Қазақстан президентінің іс басқармасы.
Әр шабақтың салмағы әзірге 25 грамм. "Бурабай" ұлттық саябағының жануарлар дүниесін қорғау және өсімін арттыру бөлімінің мамандары айтқандай, мұндай салмақтағы шабақтар (алты айда өскен тұқы шабақтары) қысты жақсы өткізіп, аз салмақ жоғалтады.
Ұлттық саябақ көлдерiне балықтың қандай түрiн жіберу және оның шегін "Балық шаруашылығы ғылыми-өндiрiстiк орталығы" ЖШС-ның аймақтық филиалы көлдерге жүргізілген жыл сайынғы зерттеулерден кейiн белгiлейдi.
"Біз саябақ аумағындағы суаттарды балықпен толықтыруды берілген ұсынымдарға сәйкес тұрақты негізде жүргіземіз. 2010 жылдан 2019 жылға дейін ұлттық саябақ көлдеріне 477 мың тұқы балығы мен 19 миллионнан астам ақ балық түрлерінің – рипус пен пелядь дернәсілі жіберілді. Содан кейін пандемияға байланысты жұмыс тоқтатылды. Биыл біз бұл бағыттағы жұмыстарды қайта бастап, саябақтың ең үлкен үш көлін тұқы балықтарымен толықтырдық", - дейді "Бурабай" ұлттық саябағының инженер-ихтиологы Максим Пак.
Президент әкімшілігіне қарасты ұйымдағылар ұлттық саябақ көлдерінің ихтиофаунасында тұқы балықтың климатқа бейімделген бағалы түрі екенін атап өтті. Ғалымдар тұқы балығының көбеюі көлдердің экожүйесіне оң әсер етеді деп есептейді. Ал су айдындарын үнемі балықпен толықтыру бақыланатын балық аулаудың көлдер биосферасына зиян тигізбеуіне ықпал етеді.