https://sputnik.kz/20221103/azyq-tulik-qymbattady--smayylov-zhauapty-sheneunikterdi-zhazalaudy-tapsyrdy-29019497.html
Азық-түлік қымбаттады – Смайылов жауапты шенеуніктерді жазалауды тапсырды
Азық-түлік қымбаттады – Смайылов жауапты шенеуніктерді жазалауды тапсырды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының шарықтауына байланысты әкім орынбасарларын тәртіптік... 03.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-03T15:00+0500
2022-11-03T15:00+0500
2023-08-10T17:15+0500
әлихан смайылов
азық-түлік
https://sputnik.kz/img/1307/50/13075095_0:66:2048:1218_1920x0_80_0_0_86cb50a6fb4ec14e4a2c2de9233b0885.jpg
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының шарықтауына байланысты әкім орынбасарларын тәртіптік жазаға тартуды, ал сауда комитетінің төрағасын қызметінен босатуды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.Биыл он айдың қорытындысы бойынша азық-түлік инфляциясы 20,5 процентке жеткен. Соңғы бір аптаның ішінде сәбіз, картоп, қант пен қырыққабат біршама арзандаса да, жұмыртқа, ұн, күріш пен сүт тағы қымбаттап кетті.Премьер-министрдің айтуынша, баға тізбегін тергеу жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысынан әлі де нәтиже жоқ."Бұл әкімдіктердің әлсіздігін және ауыл шаруашылығы, сауда және интеграция министрліктерінің жұмысты үлестіре алмай отырғанын көрсетеді. Өз міндетін тиісінше орындамағаны үшін өңір әкімдерінің осы салаға жауапты орынбасарларын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырамын", — деді Смайылов.Сондай-ақ үкімет басшысы сауда және интеграция министрлігіне лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тартуға, ал сауда комитетінің төрағасын қызметінен босатуға тапсырма берді.
https://sputnik.kz/20221019/toqaev-azyq-tulik-bagasyn-baqylauda-ustaytynyn-malimdedi-28612228.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1307/50/13075095_227:0:2048:1366_1920x0_80_0_0_76d5c7065af2278029d6d8bc77a4dec5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлихан смайылов, азық-түлік
әлихан смайылов, азық-түлік
Азық-түлік қымбаттады – Смайылов жауапты шенеуніктерді жазалауды тапсырды
15:00 03.11.2022 (жаңартылды: 17:15 10.08.2023) АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының шарықтауына байланысты әкім орынбасарларын тәртіптік жазаға тартуды, ал сауда комитетінің төрағасын қызметінен босатуды тапсырды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.
Биыл он айдың қорытындысы бойынша азық-түлік инфляциясы 20,5 процентке жеткен. Соңғы бір аптаның ішінде сәбіз, картоп, қант пен қырыққабат біршама арзандаса да, жұмыртқа, ұн, күріш пен сүт тағы қымбаттап кетті.
Премьер-министрдің айтуынша, баға тізбегін тергеу жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысынан әлі де нәтиже жоқ.
"Бұл әкімдіктердің әлсіздігін және ауыл шаруашылығы, сауда және интеграция министрліктерінің жұмысты үлестіре алмай отырғанын көрсетеді. Өз міндетін тиісінше орындамағаны үшін өңір әкімдерінің осы салаға жауапты орынбасарларын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырамын", — деді Смайылов.
Сондай-ақ үкімет басшысы сауда және интеграция министрлігіне лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тартуға, ал сауда комитетінің төрағасын қызметінен босатуға тапсырма берді.