"АрселорМиттал Теміртау" басшылығы қаза болғандардың туыстарынан кешірім сұрады

© Sputnik / Асем МиржекееваArcelorMittal Теміртау
ArcelorMittal Теміртау - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 3 қараша – Sputnik. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-на қарасты Ленин атындағы шахтада апат кезінде 106 кенші жер астында болған.
"Бүгін түнгі сағат 3-те Ленин атындағы шахтада газ дренаждық ұңғымаларды бұрғылау кезінде кенеттен метан тараған. Апат кезінде жер астында 106 кенші болған. Олардың тоғызы жарақат алды. Бес адам қайтыс болды. Төртеуі ауруханада жатыр", - деді "Арселор Миттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің директоры Арман Қалықов.
Ол қайтыс болғандар мен зардап шеккендердің туыстарына көмек көрсетілетінін айтты.
"Қаза болғандардың туыстары мен әріптестерінен кешірім сұраймыз", - деп толықтырды сөзін департамент директоры.
Шахта - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2022
Оқиға
Қарағанды облысында шахтада апат болды - бесінші кеншінің денесі табылды
Жаңалықтар
0