"Арселор Миттал Теміртауға" қарасты барлық шахтаның жұмысы тоқтатылды

© SputnikАрселорМиттал Теміртау
АрселорМиттал Теміртау - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. "Арселор Миттал Теміртау" компаниясына қарасты барлық шахтаның жұмысы бір тәулікке тоқтатылды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді.
"Қазіргі кезде "Арселор Миттал Теміртау" АҚ-ға қарасты барлық шахтаның жұмысы тоқтатылды. Бір тәуліктің ішінде қосымша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, учаскелер тексеріледі. Сондай-ақ шахтаға түсетін жұмысшылардан сынақ қабылданады", - деді Ильин өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Министрдің айтуынша, апат болған Ленин атындағы шахта әзірше ашылмайды. Оған сараптамалық комиссия мүшелері түседі. Бұдан бөлек, апат салдарын жою шаралары жүргізіледі.
Шахтер - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2022
Қарағанды ​​облысындағы шахтада қаза тапқандардың аты-жөні жарияланды
Жаңалықтар
0