https://sputnik.kz/20221103/aqtobe-oblysynda-zhemqorlardan-tarkilengen-aqshaga-mektep-salynady-29023902.html
Ақтөбе облысында жемқорлардан тәркіленген ақшаға мектеп салынады
Ақтөбе облысында жемқорлардан тәркіленген ақшаға мектеп салынады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған шенеуніктер келтірілген шығынды өтеді. Өтелген қаражат көлемі 197 миллион... 03.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-03T16:26+0500
2022-11-03T16:26+0500
2022-11-03T16:26+0500
сыбайлас жемқорлық
мектеп
https://sputnik.kz/img/07e6/09/01/27187380_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_9f6ede0f07d8d088981b15b6fd937624.jpg
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған шенеуніктер келтірілген шығынды өтеді. Өтелген қаражат көлемі 197 миллион теңгені құрайды, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.Ведомствоның мәліметінше, бұл қаражатты Мұғалжар ауданы Құмжарған ауылындағы мектеп құрылысын аяқтау үшін пайдалану туралы шешім қабылданған. Бұл ескі мектепте оқитын 54 отбасындағы балалардың мәселесін шешеді. Білім мекемесі 1974 жылы салынған.Мектеп апатты жағдайда деп танылды. Құмжарған ауылындағы жаңа білім ошағын 2019 жылдың қаңтар айында пайдалануға беру жоспарланған болатын. Жүктелген міндеттемелерді орындамағандықтан, мердігер компания жосықсыз жабдықтаушы деп танылды. Қазір нысанға жаңа мердігер тартылып, тиісті жұмыстарды аяқтауға 150 миллион теңге бөлінеді.Өтелетін қаржының бір бөлігі Ақтөбе қаласында еліміздегі ең ірі жаттығу алаңының бірін салуға жұмсалады. Бұл балалар арасында бұқаралық спорттың дамуына серпін береді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/01/27187380_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_1c60978ddf90528f01d5820da29ce388.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сыбайлас жемқорлық, мектеп
сыбайлас жемқорлық, мектеп
Ақтөбе облысында жемқорлардан тәркіленген ақшаға мектеп салынады
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған шенеуніктер келтірілген шығынды өтеді. Өтелген қаражат көлемі 197 миллион теңгені құрайды, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Ведомствоның мәліметінше, бұл қаражатты Мұғалжар ауданы Құмжарған ауылындағы мектеп құрылысын аяқтау үшін пайдалану туралы шешім қабылданған. Бұл ескі мектепте оқитын 54 отбасындағы балалардың мәселесін шешеді. Білім мекемесі 1974 жылы салынған.
Мектеп апатты жағдайда деп танылды. Құмжарған ауылындағы жаңа білім ошағын 2019 жылдың қаңтар айында пайдалануға беру жоспарланған болатын. Жүктелген міндеттемелерді орындамағандықтан, мердігер компания жосықсыз жабдықтаушы деп танылды. Қазір нысанға жаңа мердігер тартылып, тиісті жұмыстарды аяқтауға 150 миллион теңге бөлінеді.
Өтелетін қаржының бір бөлігі Ақтөбе қаласында еліміздегі ең ірі жаттығу алаңының бірін салуға жұмсалады. Бұл балалар арасында бұқаралық спорттың дамуына серпін береді.