https://sputnik.kz/20221102/qazaqstandyq-gazet-zhurnaldar-salyq-28991391.html
Қазақстандық басылымдар салықтан босатылуы мүмкін
Қазақстандық басылымдар салықтан босатылуы мүмкін
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 2 қараша - Sputnik. Халық арасында оқу мәдениетін сақтау мақсатында Қазақстанда баспа басылымдары салықтан босатылуы мүмкін. Мәскеуде өтіп жатқан... 02.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-02T19:22+0500
2022-11-02T19:22+0500
2022-11-02T20:01+0500
қазақстан
салық
https://sputnik.kz/img/07e6/03/0c/23469361_0:29:1280:749_1920x0_80_0_0_0260fe2e50080397245f406afce87c2a.jpg
АЛМАТЫ, 2 қараша - Sputnik. Халық арасында оқу мәдениетін сақтау мақсатында Қазақстанда баспа басылымдары салықтан босатылуы мүмкін. Мәскеуде өтіп жатқан "Құбылмалы әлемдегі БАҚ-тың дамуы" атты ТМД елдерінің медиафорумында Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі ақпарат комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Жеңісбекұлы осылай деді.Ақпарат комитеті төрағасының орынбасарының айтуынша, 2018 жылы Қазақстанда 3 мыңға жуық БАҚ тіркелген болса, бүгінде 5 мыңнан асады. Бұл медиа саласының даму болашағы мүмкіндіктерінің бір дәлелі.Сондай-ақ, ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі шетелдік БАҚ үшін қолжетімділік пен ашықтықты қамтамасыз етеді. Бұған қоса, ақпараттың шет тілдерде жариялануына жағдай жасалады. БАҚ тізімінде 280 шетелдік телерадио арна бар, оның 150-ден астамы орыс тілінде, 12-сі ағылшын тілінде, қалған 74-і орыс және ағылшын тілдерінде көрсетіледі.Медиа форумда Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова да сөз сөйледі. Ол желіде таралатын фейктер саны жыл сайын түбегейлі өсіп келе жатқанын атап өтті.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/0c/23469361_77:0:1177:825_1920x0_80_0_0_d3314cf9cb7018b47ed67fdca00a9dac.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, салық
Қазақстандық басылымдар салықтан босатылуы мүмкін
19:22 02.11.2022 (жаңартылды: 20:01 02.11.2022) АЛМАТЫ, 2 қараша - Sputnik. Халық арасында оқу мәдениетін сақтау мақсатында Қазақстанда баспа басылымдары салықтан босатылуы мүмкін. Мәскеуде өтіп жатқан "Құбылмалы әлемдегі БАҚ-тың дамуы" атты ТМД елдерінің медиафорумында Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі ақпарат комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Жеңісбекұлы осылай деді.
"Қазіргі таңда баспа БАҚ таралымының төмендеуі байқалады. Соған қарамастан, халық арасында оқу мәдениетін сақтау мақсатында мемлекет баспа басылымдарын тұрақты түрде қолдау шараларын қабылдап жатыр. Мәселен, түзетулер енгізу көзделуде. БАҚ туралы заңда баспа басылымдарын қосымша құн салығын төлемейтіндер тізіміне енгізу қарастырылған", - деді Нұрлыбек Жеңісбекұлы.
Ақпарат комитеті төрағасының орынбасарының айтуынша, 2018 жылы Қазақстанда 3 мыңға жуық БАҚ тіркелген болса, бүгінде 5 мыңнан асады. Бұл медиа саласының даму болашағы мүмкіндіктерінің бір дәлелі.
Сондай-ақ, ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі шетелдік БАҚ үшін қолжетімділік пен ашықтықты қамтамасыз етеді. Бұған қоса, ақпараттың шет тілдерде жариялануына жағдай жасалады. БАҚ тізімінде 280 шетелдік телерадио арна бар, оның 150-ден астамы орыс тілінде, 12-сі ағылшын тілінде, қалған 74-і орыс және ағылшын тілдерінде көрсетіледі.
Медиа форумда Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова да сөз сөйледі. Ол желіде таралатын фейктер саны жыл сайын түбегейлі өсіп келе жатқанын атап өтті.