Қазақстан өкілі халықаралық авиациялық қауіпсіздік тобының вице-төрағасы болып сайланды

© Photo : Пресс-служба МИИР РКҚазақстан өкілі халықаралық авиациялық қауіпсіздік тобының вице-төрағасы болып сайланды
Қазақстан өкілі халықаралық авиациялық қауіпсіздік тобының вице-төрағасы болып сайланды - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Парижде өтіп жатқан ICAO Еуропа және Солтүстік Атлантика (ENAVSECG/10) арнайы авиациялық қауіпсіздік тобының кезекті отырысында Қазақстанның өкілі осы топтың вице-президенті болып сайланды, деп хабарлайды индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
Басқосуда авиациялық қауіпсіздік саласындағы соңғы технологиялық және инновациялық жаңалықтар талқыланады. Бірінші күні авиациялық қауіпсіздік жөніндегі арнайы топтың жаңа төрағасы мен оның орынбасарларының сайлауы өтті. Соның нәтижесінде авиациялық қауіпсіздік жөніндегі арнайы топтың – ENAVSECG/10 вице-төрағаларының бірі болып "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ бас директорының орынбасары Дархан Еспотанов сайланды. Төраға - Франция өкілі, ал Латвиядан ұсынылған кандидат екінші вице-төраға болды.
"Бұл лауазымға біздің мемлекетіміздің өкілін сайлау Қазақстанның халықаралық аренадағы мәртебесін арттыруға ықпал етеді және еліміздің Орталық Азия өңірінде көшбасшы ретінде авиациялық қауіпсіздік саласындағы позициясын нығайтуға септігін тигізеді", - делінген ресми хабарламада.
Төраға мен вице-төрағалардың негізгі функциялары:
авиациялық қауіпсіздік жөніндегі арнайы топтың жыл сайынғы кеңесін ұйымдастыру;
авиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өңір елдері арасындағы үйлестіру;
өзара іс-қимыл тобының алаңында қамтамасыз ету;
ICAO-ның 17-ші қосымшасының стандарттары мен ұсынылатын практикасын жаңарту жөніндегі ұсынысты қарау және мақұлдау;
авиациялық қауіпсіздікті дамытуға бағытталған есептерді жасау.
Айта кетері, Қазақстан ICAO-ға (International Civil Aviation Organization) 1992 жылы қосылды.
Жаңалықтар
0