Қоғам

Қазақстанға азаптау мен қатыгездікке қарсы заң не үшін қажет

© Photo : пресс-служба сената парламента КазахстанаДепутаттар, отырыс
Депутаттар, отырыс - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.11.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 2 қараша – Sputnik. Мәжілісте азаптау мен қатыгездікке қарсы заң жобасы қаралып жатыр. Құжатта "азаптау" түсінігі нақтыланып, заңнамаға алғаш рет "қатыгездік" түсінігі енгізілмек. Түзетулер алты бағытты қамтиды. Олар арқылы қылмыстық сот төрелігі саласындағы адам құқығын жүзеге асыру тетіктерін кеңейту жоспарланып отыр.
Осы мақсатта қылмыстық, қылмыстық-процестік және қылмыстық-атқару кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі, деп хабарлады мәжілістің баспасөз қызметі.
Жобаны төменгі палата депутаты Айгүл Нұркинаның жетекшілік етуімен жұмыс тобы қарап жатыр. Конституцияның 17-бабына сәйкес, ешкім қатыгездік немесе ар-намысты қорлайтын қарым-қатынасқа немесе жазаға ұшырамауға тиіс. Дегенмен мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Айгүл Нұркинаның айтуынша, мұндай тұжырымдама қолданыстағы заңнамада бекітілмеген.
Осыған байланысты түзетулерде жаңа қылмыс – қатыгездік немесе ар-намысты қорлайтын әрекет енгізіледі. Бұрын сотталған адамдарды бірінші рет сотталғандардан бөлек ұстау бөлігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Бұл ретте бұрын сотталғандар ерекше режимдегі барынша қауіпсіздік колонияларында болады. ​
Сондай-ақ сотталған адамдардың денсаулығын сақтауды, ауыр сырқаттары болған жағдайда жазасын өтеп жүрген адамдарға ізгілікпен қарауды көздейтін жекелеген түзетулер енбек.
Сотталған әйелдердің жаза мерзімі аяқталуына бір жылдан аспайтын уақыт қана қалса, үш жасқа толған баласымен бірге болу мерзімі қосымша бір жылға ұзартылады.
Жұмыс тобы жетекшісінің айтуынша, бұл норма балалары бар сотталған әйелдердің әлеуметтік байланысын сақтауға, балалар үйіндегі тәрбие процесі мен балалардың дамуын ұйымдастыруға жол ашады.
Бұдан бөлек, дебюрократизация бағытында тергеу әрекетін бейнежазбаға түсіру кезіндегі егжей-тегжейлі хаттаманың орнына қысқаша хаттама жасау ұсынылады. Осы және өзге де түзетулерді депутаттар жұмыс тобында талқылап жатыр.
Жаңалықтар
0