https://sputnik.kz/20221102/qayrat-satybaldy-memleket-230-mln-dollar-qaytaryldy-28962652.html
Қайрат Сатыбалдының ісі: мемлекетке тағы 230 млн доллар қайтарылды
Қайрат Сатыбалдының ісі: мемлекетке тағы 230 млн доллар қайтарылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Қайрат Сатыбалдыға тиесілі, құны 230 миллион доллардан асатын эксклюзивті асыл тастар мен зергерлік бұйымдар елге қайтарылды, деп... 02.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-02T08:56+0500
2022-11-02T08:56+0500
2022-11-02T08:56+0500
қоғам
доллар
https://sputnik.kz/img/583/86/5838670_0:117:4990:2923_1920x0_80_0_0_3ed324ecf858ed2918d096cef0eac3b4.jpg
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Қайрат Сатыбалдыға тиесілі, құны 230 миллион доллардан асатын эксклюзивті асыл тастар мен зергерлік бұйымдар елге қайтарылды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.Қайрат Сатыбалды мен басқа да адамдарға қатысты қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату) фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр."Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде алыс шет елдерде фигуранттарға тиесілі, құны 230 миллион доллардан асатын эксклюзивті асыл тастар мен зергерлік бұйымдар анықталып, елге қайтарылды. Олар мемлекет кірісіне айналдырылды", - делінген хабарламада.Сондай-ақ Антикор Сатыбалдының шетелдік бағалы қағаздарға 300 миллион доллар құйғанын анықтады. Бұл сома жақын арада Қазақстан бюджетіне түседі.Заңсыз әкетілген капиталды іздеу және елге қайтару жұмысы жалғасады.Еске салсақ, 26 қыркүйекте Астана қаласының соты Қайрат Сатыбалдыға қатысты үкім шығарды. Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі алты жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар оның жеке мүлкі тәркіленеді. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.
https://sputnik.kz/20220922/qayrat-satybaldynyn-isi-prokuror-ayyptalushyny-6-zhylga-qamaudy-surady-27785967.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/583/86/5838670_0:581:4330:3828_1920x0_80_0_0_91696c9931b4d867e7a8b0d03d57f5c9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
доллар
Қайрат Сатыбалдының ісі: мемлекетке тағы 230 млн доллар қайтарылды
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Қайрат Сатыбалдыға тиесілі, құны 230 миллион доллардан асатын эксклюзивті асыл тастар мен зергерлік бұйымдар елге қайтарылды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
Қайрат Сатыбалды мен басқа да адамдарға қатысты қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату) фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
"Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде алыс шет елдерде фигуранттарға тиесілі, құны 230 миллион доллардан асатын эксклюзивті асыл тастар мен зергерлік бұйымдар анықталып, елге қайтарылды. Олар мемлекет кірісіне айналдырылды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ Антикор Сатыбалдының шетелдік бағалы қағаздарға 300 миллион доллар құйғанын анықтады. Бұл сома жақын арада Қазақстан бюджетіне түседі.
Заңсыз әкетілген капиталды іздеу және елге қайтару жұмысы жалғасады.
Еске салсақ, 26 қыркүйекте Астана қаласының соты Қайрат Сатыбалдыға қатысты үкім шығарды. Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі алты жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар оның жеке мүлкі тәркіленеді. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.