Планшет оқулықты алмастырмайды – оқу-ағарту министрлігі

© Sputnik / Владислав ВодневПланшет
Планшет   - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Планшет оқулықты алмастырмайды, ол қосымша құрал болады, деп хабарлады оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Электронды планшет оқушылардың оқуына қосымша мүмкіндік береді, сонымен қатар мектеп рюкзактарының салмағына қатысты мәселені шешуге көмектеседі.
"Балаларға электронды күнделіктер, оқулықтар мен цифрлы білім беру ресурстары орнатылатын планшеттермен қатар бұрынғыдай басып шығарылған оқулықтар да беріледі. Осылайша, балалар цифрлы сабақтарға, жаттығуларға және тапсырмаларға қосымша қол жеткізе алады", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар мектепте баспа оқулықтарын қолдануға, кейін оларды сол жерде қалдыруға және үй тапсырмаларын орындап, қосымша білім алу үшін электронды құрылғыларды қолдануға мүмкіндік алады.
"Егер қандай да бір себептермен бала планшеттерді қолданғысы келмесе, онда ол әдеттегідей дәстүрлі оқулықтарды және стационарлық құрылғылардан білім беру ресурстарына қол жеткізе алады. Яғни планшеттер оқулықтарды алмастырмайды, бұл - оқудың қосымша ресурсы. Таңдау ата-аналар мен оқушылардың еншісінде болады", - деп түсіндірді оқу-ағарту вице-министрі Айбат Ілиясов.
Ол интернеті нашар өңірлер үшін жүктелген цифрлы сабақтарды, тапсырмаларды, білім беру ресурстары және оқулықтарды офлайн пайдалану мүмкіндігі қарастырылатынын атап өтті.
Еске сала кетейік, кеше цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин 2023 жылдан бастап 1-сынып оқушыларына 400 мың планшет берілетінін мәлімдеген болатын.
Жаңалықтар
0