https://sputnik.kz/20221102/pavlodarda-zeynetkerdin-seyfinen-aqsha-urlagan-qyz-ustaldy-28962292.html
Павлодарда зейнеткердің сейфінен ақша ұрлаған қыз ұсталды
Павлодарда зейнеткердің сейфінен ақша ұрлаған қыз ұсталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Павлодар қаласында зейнеткердің сейфінен ақша ұрлап кеткен қыз ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция... 02.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-02T08:40+0500
2022-11-02T08:40+0500
2022-11-02T08:40+0500
сейф
https://sputnik.kz/img/387/09/3870934_0:100:1921:1180_1920x0_80_0_0_7d148f8d0b4aa7481982da98cecc6de3.jpg
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Павлодар қаласында зейнеткердің сейфінен ақша ұрлап кеткен қыз ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.Қалалық полиция бөліміне 64 жастағы ер адам арызданып, танысы қонаққа келіп кеткеннен кейін сейфтен ақша жоғалғанын айтты. Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде ұрлық жасады деген күдікпен облыс орталығының 30 жастағы тұрғыны ұсталды. Сол күні ол жәбірленушімен бірге алкоголь ішкен. Зейнеткер басқа бөлмеге шығып кеткенде сейфтен 875 мың теңге мен алтын алқаны қалтасына салып алған.Тәртіп сақшылары ұсталған қыздан 200 мың теңгені және алтын алқаны тәркілеп алды. Күдікті қалған ақшаны жұмсап жіберген.Қазіргі кезде Қазақстан Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл қылмыс үшін 1 000 айлық есептiк көрсеткiшке (3 180 000 теңгеге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, я болмаса, 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не үш жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/387/09/3870934_106:0:1813:1280_1920x0_80_0_0_36866c5d7040ab1c4a761034a760ce66.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сейф
Павлодарда зейнеткердің сейфінен ақша ұрлаған қыз ұсталды
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Павлодар қаласында зейнеткердің сейфінен ақша ұрлап кеткен қыз ұсталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Қалалық полиция бөліміне 64 жастағы ер адам арызданып, танысы қонаққа келіп кеткеннен кейін сейфтен ақша жоғалғанын айтты. Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде ұрлық жасады деген күдікпен облыс орталығының 30 жастағы тұрғыны ұсталды. Сол күні ол жәбірленушімен бірге алкоголь ішкен. Зейнеткер басқа бөлмеге шығып кеткенде сейфтен 875 мың теңге мен алтын алқаны қалтасына салып алған.
Тәртіп сақшылары ұсталған қыздан 200 мың теңгені және алтын алқаны тәркілеп алды. Күдікті қалған ақшаны жұмсап жіберген.
Қазіргі кезде Қазақстан Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл қылмыс үшін 1 000 айлық есептiк көрсеткiшке (3 180 000 теңгеге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, я болмаса, 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не үш жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.