Спорт

Он бес жастағы қазақстандық әлем чемпионы атанды

© Photo : Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.Джиу-джитсудан әлем чемпионы атанған Болашақ Сүйекенов
Джиу-джитсудан әлем чемпионы атанған Болашақ Сүйекенов - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. 15 жастағы атыраулық спортшы Болашақ Сүйекенов джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.
Абу-Даби қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында 15 жастағы Болашақ Сүйекенов 38 келі салмақта сынға түсті.
"Біз шәкірттерімізді ұзақ уақыт бойы дайындадық. Әлем чемпионатына қатысу үшін үлкен күш-жігер, үздіксіз жаттығу, қажырлы еңбек қажет. Әлі де спортшылармыз қатысып, өнерін көрсетуде. Жарыс жоғары деңгейде өтіп жатыр", - деді бас жаттықтырушы Айбар Есенғалиев.
Айта кетері, дүбірлі додада Қазақстан құрамасы жалпы есепте жеке дара көш бастап келе жатыр.
29 қазанда басталған жарыс 8 қарашаға дейін жалғасады. Әлем біріншілігіне 65 мемлекеттен 1500 спортшы, соның ішінде өңірден 28 спортшы қатысып жатыр.
Жаңалықтар
0