Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге өтініш қабылдау басталды

© Sputnik / Владислав ВодневЦентр национального тестирования готовится принять выпускников
Центр национального тестирования готовится принять выпускников - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. 1 қарашада магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге өтініш қабылдау басталды. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігі Telegram каналында хабарлады.
Магистратураға түскісі келетіндер Ұлттық тестілеу орталығының сайтында 18 қарашаға дейін тіркелуі қажет. Тестілеу 28 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өтеді.
Үміткер тестілеуді қай қалада тапсыратынын тіркелу кезінде өзі таңдайды. Өтініш қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін (18 қарашаға дейін) білім беру бағдарламаларының тобы, тілі және тестілеуді тапсыру орны бойынша өтінішке өзгеріс енгізуге болады. Тестілеуді өткізу күні туралы ақпарат үміткердің жеке кабинетінде 22 қарашада қолжетімді болады.
"Кешенді тестілеу электронды форматта өткізіледі және үш бөлімнен тұрады: шет тілі бойынша тест, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест. Барлығына 3 сағат 55 минут беріледі. Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттардың бірі бар оқуға түсушілер шет тілі бойынша тест тапсырудан босатылады", – деп түсіндірді ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.
Жаңалықтар
0