https://sputnik.kz/20221102/kokshetau-turgyndary-qyzyl-kitapqa-engen-aqqudy-qutqardy-28980582.html
Көкшетау тұрғындары сирек кездесетін аққуды құтқарды
Көкшетау тұрғындары сирек кездесетін аққуды құтқарды
Sputnik Қазақстан
Жетілмеген қиқылдақ-аққу тобымен бірге жылы жаққа ұша алмай қалды, енді ол Бурабай ауылындағы хайуанаттар бағында қыстап шығады 02.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-02T16:51+0500
2022-11-02T16:51+0500
2022-11-02T17:03+0500
өңірлер
көкшетау
кітап
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/02/28976086_0:563:900:1069_1920x0_80_0_0_4d56f4ff04f699bdf71ae177dc32a7fc.jpg
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Көкшетау тұрғындары Қазақстанның Қызыл кітабына енген, әлсіреген әрі тобынан қалып қойған құсты тауып алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Олар құсты құтқару туралы өтінішпен полицияға, ал полиция қызметкерлері табиғатты қорғау полициясына жүгінді. Аққуға Бурабай ауылындағы хайуанаттар бағынан қыстап шығатын қауіпсіз орын табылды. Құсты "Бурабай Даму" ЖШС уақытша күтіп-баптауға қабылдады. Айта кетері, Бурабай мемлекеттік ұлттық паркінің аумағында құстардың 197 түрі мекендейді, оның 14 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Мемлекет қорғауындағы сирек кездесетін осы құстардың қатарында қиқылдақ-аққу да бар. Қиқылдақ-аққу – ақ қауырсынды және ұшы қара лимон түстес сары тұмсығы бар әдемі ірі құс. Қиқылдақ-аққу үш жастан асқан кезде ғана қауырсынының түсі ақ түске өзгере бастайды. Жас құстардың басы қара түтін іспеттес сұр түсті қауырсындары болады. Бұл құстар бір рет және өмір бойына жалғыз жұппен тіршілік етеді. Зардап шеккен жануарларға арналған үй 46 жыл бұрын құрылған. Содан бері мұнда табиғат апаттарынан зардап шеккен, браконьерлер жаралаған немесе жай ғана адасып кеткен аңдар мен құстар жеткізіледі. Егер осындай аң-құсты кездестіріп жатсаңыз, 1405 нөміріне хабарласуға болады. Еске салсақ, бұған дейін Sputnik Бурабай өңірінің тұрғындары бірқазанды қалай құтқарғаны, содан кейін оны хайуанаттар бағына жеткізгені туралы жазды. Бірқазан да қыстап шығып, көктемде еркіндікке жіберіледі.
көкшетау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/02/28976086_0:479:900:1154_1920x0_80_0_0_5a566e56eb9985a3a017da5af4316e5f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көкшетау, кітап
Көкшетау тұрғындары сирек кездесетін аққуды құтқарды
16:51 02.11.2022 (жаңартылды: 17:03 02.11.2022) Жетілмеген қиқылдақ-аққу тобымен бірге жылы жаққа ұша алмай қалды, енді ол Бурабай ауылындағы хайуанаттар бағында қыстап шығады
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Көкшетау тұрғындары Қазақстанның Қызыл кітабына енген, әлсіреген әрі тобынан қалып қойған құсты тауып алды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Олар құсты құтқару туралы өтінішпен полицияға, ал полиция қызметкерлері табиғатты қорғау полициясына жүгінді. Аққуға Бурабай ауылындағы хайуанаттар бағынан қыстап шығатын қауіпсіз орын табылды. Құсты "Бурабай Даму" ЖШС уақытша күтіп-баптауға қабылдады.
Айта кетері, Бурабай мемлекеттік ұлттық паркінің аумағында құстардың 197 түрі мекендейді, оның 14 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Мемлекет қорғауындағы сирек кездесетін осы құстардың қатарында қиқылдақ-аққу да бар.
Қиқылдақ-аққу – ақ қауырсынды және ұшы қара лимон түстес сары тұмсығы бар әдемі ірі құс. Қиқылдақ-аққу үш жастан асқан кезде ғана қауырсынының түсі ақ түске өзгере бастайды. Жас құстардың басы қара түтін іспеттес сұр түсті қауырсындары болады. Бұл құстар бір рет және өмір бойына жалғыз жұппен тіршілік етеді.
Зардап шеккен жануарларға арналған үй 46 жыл бұрын құрылған. Содан бері мұнда табиғат апаттарынан зардап шеккен, браконьерлер жаралаған немесе жай ғана адасып кеткен аңдар мен құстар жеткізіледі. Егер осындай аң-құсты кездестіріп жатсаңыз, 1405 нөміріне хабарласуға болады.
Еске салсақ, бұған дейін
Sputnik Бурабай өңірінің тұрғындары бірқазанды қалай құтқарғаны, содан кейін оны хайуанаттар бағына жеткізгені туралы жазды. Бірқазан да қыстап шығып, көктемде еркіндікке жіберіледі.