Ұлытау облысында бюджет қызметкерлерінің жалақысын ала алмай жүргені рас па

© Photo : Pixabay / FoundryЧашка кофе и очки
Чашка кофе и очки - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. Ұлытау облысының әкімдігі бюджеттік сала қызметкерлері жалақысының кешіккені туралы БАҚ-та тараған ақпаратқа ресми түсініктеме берді.
"Кешігу тек қазан айының басында қыркүйектің жалақысы төленген кезде ғана болды. Оның себебі облыстың бюджеттік ұйымдары әділет және салық органдарында қайта тіркелуіне байланысты. Қазіргі уақытта бюджет саласының қызметкерлеріне берешек жоқ", - делінген ресми ақпаратта.
Осыған орай, аталған өңір әкімдігі негізсіз және нақты емес мәліметтерді таратпауға шақырады.
"Мемлекеттік органдардың ресми деректеріне ғана сілтеме жасауды сұраймыз", - дейді әкімдіктен.
Жаңалықтар
0