https://sputnik.kz/20221101/turkistanda-tanymal-kir-zhuatyn-untaq-markalaryn-zansyz-zhasagan-tsekh-anyqtaldy--video-28950417.html
Түркістанда танымал кір жуатын ұнтақ маркаларын заңсыз жасаған цех анықталды – видео
Түркістанда танымал кір жуатын ұнтақ маркаларын заңсыз жасаған цех анықталды – видео
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. Түркістан полицейлері заңсыз цехтан 8 тоннадан астам кір жуғыш затын тәркіледі. Одан танымал маркалар жасалды, деп хабарлайды... 01.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-01T15:07+0500
2022-11-01T15:07+0500
2022-11-01T15:07+0500
қоғам
түркістан облысы
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/01/28945759_0:438:720:843_1920x0_80_0_0_19ae1e508c5ba2b0797c8bdd1a137614.jpg
АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. Түркістан полицейлері заңсыз цехтан 8 тоннадан астам кір жуғыш затын тәркіледі. Одан танымал маркалар жасалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап. Қазіргі кезде төрт адам ұсталды. Үшеуі Түркістан қаласының түрғындары, соның ішінде біреу контрафактілік өнім дайындауды ұйымдастырған, ал төртіншісі - Өзбекстан азаматы. Жеке меншік үйді тінту кезінде 40 келілік қаптарға салынған ұнтақ затты тапты. Қаптардың жалпы саны, шамамен, 200 дана. Сонымен қатар, электронды таразылар, тығыздағыш машиналар және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Кір жуғыш ұнтақтың жалпы салмағы 8 тоннадан асты. Одан "Ariel", "Миф", "Tide" және "Persil" сияқты танымал кір жуғыш ұнтақ маркалары қолдан жасалды. Қылмыстық кодекстің 222-бабы 1-бөлігі (Тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, фирмалық атауын, географиялық көрсеткішін және тауар шығарылған жердің атауын заңсыз пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Осы қылмыс үшін 80 айлық есептiк көрсеткiшке (254 400 теңгеге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстары,я болмаса, 80 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не жиырма тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазасы қарастырылған.
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/01/28945759_0:370:720:910_1920x0_80_0_0_a1534b9239883fcfa3c5fe415f329511.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы, алаяқтық
түркістан облысы, алаяқтық
Түркістанда танымал кір жуатын ұнтақ маркаларын заңсыз жасаған цех анықталды – видео
АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. Түркістан полицейлері заңсыз цехтан 8 тоннадан астам кір жуғыш затын тәркіледі. Одан танымал маркалар жасалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан
Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Қазіргі кезде төрт адам ұсталды. Үшеуі Түркістан қаласының түрғындары, соның ішінде біреу контрафактілік өнім дайындауды ұйымдастырған, ал төртіншісі - Өзбекстан азаматы. Жеке меншік үйді тінту кезінде 40 келілік қаптарға салынған ұнтақ затты тапты.
Қаптардың жалпы саны, шамамен, 200 дана. Сонымен қатар, электронды таразылар, тығыздағыш машиналар және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Кір жуғыш ұнтақтың жалпы салмағы 8 тоннадан асты. Одан "Ariel", "Миф", "Tide" және "Persil" сияқты танымал кір жуғыш ұнтақ маркалары қолдан жасалды.
Қылмыстық кодекстің 222-бабы 1-бөлігі (Тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, фирмалық атауын, географиялық көрсеткішін және тауар шығарылған жердің атауын заңсыз пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Осы қылмыс үшін 80 айлық есептiк көрсеткiшке (254 400 теңгеге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстары,я болмаса, 80 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не жиырма тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазасы қарастырылған.