Өңірлер

Солтүстік Қазақстанда әйел мен үш балаға иіс тиді

© Sputnik / Владислав ВодневНа печи – чайники, а рядом продукты
На печи – чайники, а рядом продукты - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.11.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 1 қараша - Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында 28 жастағы әйел мен үш балаға иіс тиді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оқиға Қызылжар ауданының Якорь ауылында болды.
"Пештің мұржасы тазартылмаған. Салдарынан 1994 жылғы үй иесі мен оның кәмелетке толмаған үш баласы ыстан уланып қалған. Олар ауруханаға жатқызылды", - деді төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Дмитрий Растихин.
Зардап шеккендердің денсаулықтары қалыпты.
"Жылыту маусымы басталғалы жеке тұрғын үй секторында 30 өрт тіркелді. Қаза тапқандар жоқ. Алты адамға иіс тиді, оның үшеуі бала. Жалпы жыл басынан бері ыстан 21 адам уланған, оның жетеуі бала", - деді Растихин.
ТЖ мамандардың айтуынша, биыл халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерінде 1 131 көміртегі тотығы мен түтін датчигі орнатылғанын, жыл соңына дейін тағы 372-сін орнату жоспарланып отырғанын айтты.
Жыл басынан бері облыста барлығы 563 өрт тіркелді, салдарынан 33 адам қаза тауып, 16 адам түрлі дәрежедегі дене жарақатын алды. Өрттен болған материалдық шығын 427 млн теңге. Тілсіз жаудың 74% - і жеке тұрғын үй секторында болған.
Жаңалықтар
0