https://sputnik.kz/20221101/qazaqstanda-talantty-menedzherler-rezervin-quru-zhosparlanyp-otyr-28940110.html
Талантты менеджерлер резервін құру жоспарланып отыр
Талантты менеджерлер резервін құру жоспарланып отыр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. Қазақстанда университет бітірген талантты жастар арасынан менеджерлер резервін құру жоспарланып отыр. Бұл туралы ғылым және жоғары... 01.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-01T12:37+0500
2022-11-01T12:37+0500
2022-11-01T13:58+0500
саясат нұрбек
https://sputnik.kz/img/07e6/08/10/26761002_0:131:3177:1918_1920x0_80_0_0_e7b7b2f97cf836ff704f4297e5b33038.jpg
АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. Қазақстанда университет бітірген талантты жастар арасынан менеджерлер резервін құру жоспарланып отыр. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Айтуынша, жұмыс берушілер, бизнес-құрылымдар, кәсіптік және қоғамдық бірлестіктер, өңірлік әкімдіктер өкілдерін корпоративтік басқаруға кеңінен тарту жұмысы жалғасын табады.Сонымен қатар институционалдық инвесторларды тарту және басқару жүйесін дамыту үшін халықаралық тәжірибені ескеріп, "Нысаналы капитал қорлары туралы" заң жобасының тұжырымдамасы пысықталып жатыр.Бұдан бөлек, "Педагог мәртебесі туралы" заңына университеттердің профессорлық-оқытушы құрамы мен ғалымдарын әлеуметтік қолдау пакеті бойынша өзгерістер енгізіледі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/10/26761002_223:0:2954:2048_1920x0_80_0_0_c9f7f254265a58be74ea7621ccd617df.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
саясат нұрбек
Талантты менеджерлер резервін құру жоспарланып отыр
12:37 01.11.2022 (жаңартылды: 13:58 01.11.2022) АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. Қазақстанда университет бітірген талантты жастар арасынан менеджерлер резервін құру жоспарланып отыр. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Айтуынша, жұмыс берушілер, бизнес-құрылымдар, кәсіптік және қоғамдық бірлестіктер, өңірлік әкімдіктер өкілдерін корпоративтік басқаруға кеңінен тарту жұмысы жалғасын табады.
"Біз жоғарғы білім саласындағы топ-менеджерлердің біліктілігін үнемі арттыру мақсатында форсайт-сессияларды, курстарды бастамақпыз. Университеттер ішінен шыққан талантты, көшбасшылық қасиеттері бар менеджерлер резервін құру жұмысын да жүргізудеміз", - деді Саясат Нұрбек үкімет отырысында.
Сонымен қатар институционалдық инвесторларды тарту және басқару жүйесін дамыту үшін халықаралық тәжірибені ескеріп, "Нысаналы капитал қорлары туралы" заң жобасының тұжырымдамасы пысықталып жатыр.
Бұдан бөлек, "Педагог мәртебесі туралы" заңына университеттердің профессорлық-оқытушы құрамы мен ғалымдарын әлеуметтік қолдау пакеті бойынша өзгерістер енгізіледі.