https://sputnik.kz/20221101/chempiondar-omir-boyyna-ay-sayyn-300-myn-tengeden-astam-qarazhat-alady-28939463.html
Чемпиондар өмір бойына ай сайын 300 мың теңгеден астам қаражат алады
Чемпиондар өмір бойына ай сайын 300 мың теңгеден астам қаражат алады
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 1 қараша – Sputnik. Әлем чемпионаттарында Қазақстанның қоржынына жүлде салған спортшылар мен бапкерлердің төлемақысы 4 есе өсті, деп хабарлайды... 01.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-01T12:20+0500
2022-11-01T12:20+0500
2023-08-09T12:47+0500
төлемақы
спортшы
https://sputnik.kz/img/07e5/08/09/17812204_0:85:1620:996_1920x0_80_0_0_c1890212e126fc79ae4eb2c863348988.jpg
АЛМАТЫ, 1 қараша – Sputnik. Әлем чемпионаттарында Қазақстанның қоржынына жүлде салған спортшылар мен бапкерлердің төлемақысы 4 есе өсті, деп хабарлайды мәдениет және спорт министрлігі.Қазақстандағы олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық ойындардың, сондай-ақ олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жаттықтырушылары бұған дейін 24 айлық есептік көрсеткіш, яғни 73 512 теңге төлемақы алса, енді 306 300 теңгеден алатын болды.Бұл өзгерістер спортшыларға ғана емес, олардың жаттықтырушыларына да қатысты. Яғни, Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындары мен олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін тәрбиелеген тәлімгерлер өмір бойы алатын ай сайынғы материалдық көмекке құжат тапсыра алады."Төлемдер 4 есе өсті деген жаңалықты естіп қуандық. Бұл біз үшін шешімі жоқ мәселе болған. Мұндай қуанышты жаңалық жас спортшыларымызды да жігерлендіретіні сөзсіз. Әсіресе жаттықтырушылар үшін қуаныштымын, олар үшін бұл үлкен қолдау болды", - деп атап өтті Сидней Олимпиасының чемпионы Ермахан Ибраимов.Айта кету керек, бұл төлемді алу үшін спортшылар мен жаттықтырушылардың спорт саласында кем дегенде жиырма жылдық жұмыс өтілі болуы керек.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/08/09/17812204_90:0:1530:1080_1920x0_80_0_0_3e713b7f4ee0eb9f91d31de4be129547.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
төлемақы, спортшы
АЛМАТЫ, 1 қараша – Sputnik. Әлем чемпионаттарында Қазақстанның қоржынына жүлде салған спортшылар мен бапкерлердің төлемақысы 4 есе өсті, деп хабарлайды мәдениет және спорт министрлігі.
Қазақстандағы олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық ойындардың, сондай-ақ олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жаттықтырушылары бұған дейін 24 айлық есептік көрсеткіш, яғни 73 512 теңге төлемақы алса, енді 306 300 теңгеден алатын болды.
"Мен бұл мәселені депутат ретінде қанша рет көтердім. Бірақ біз осы жылға дейін ешқандай жауап алған жоқпыз. Енді мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен Олимпиада ойындары жүлдегерлерінің ай сайынғы төлемақысын 100 АЕК-ке дейін арттырды. Бұл спортшылар үшін үлкен қолдау болады. Спортшылардың еңбегін бағалағаны үшін елімізге алғыс айтамыз", - деді Олимпиада чемпионы Ольга Шишигина.
Бұл өзгерістер спортшыларға ғана емес, олардың жаттықтырушыларына да қатысты. Яғни, Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындары мен олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін тәрбиелеген тәлімгерлер өмір бойы алатын ай сайынғы материалдық көмекке құжат тапсыра алады.
"Төлемдер 4 есе өсті деген жаңалықты естіп қуандық. Бұл біз үшін шешімі жоқ мәселе болған. Мұндай қуанышты жаңалық жас спортшыларымызды да жігерлендіретіні сөзсіз. Әсіресе жаттықтырушылар үшін қуаныштымын, олар үшін бұл үлкен қолдау болды", - деп атап өтті Сидней Олимпиасының чемпионы Ермахан Ибраимов.
Айта кету керек, бұл төлемді алу үшін спортшылар мен жаттықтырушылардың спорт саласында кем дегенде жиырма жылдық жұмыс өтілі болуы керек.