Батыс Қазақстанда сәби дәрі еккеннен кейін шетінеп кетті – полиция тергеуді бастады

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында сәбидің өліміне қатысты тергеу басталды. Екі айлық нәрестенің ата-анасы дәрігерлерді кінәлап отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Astana TV арнасына сілтеме жасап.
Бәйтерек ауданының тұрғыны Еламан Орынбаевтың айтуынша, сол күні қызы қатты мазасызданып жылаған. Жедел жәрдем шақырып, сәбиді ауруханаға апарған. Нәрестені рентгенге түсіргеннен кейін дәрігерлер "өкпесі қабынған" деген диагноз қояды. Одан кейін баланың дәріге аллергиясы бар-жоғын тексеріп, дәрі еккен. Бірақ он минуттан кейін кішкентай қыздың халі нашарлап, шетінеп кеткен.
"Дәрігерлердің кінәсі бар деп ойлаймын. Педиатр уколдан соң, үйіне кетіп қалған. Жүрекке қан жиналған. Бізге баланы құлатып алғансыңдар дейді. Ал ол өздері жарты сағат бойы массаж жасағаннан болған. Сонда олар өз кінәсін мойындамай тұр. Бізді кінәлап тұр", - дейді әкесі.
Ал аудандық аурухананың басшысы тиісті ем-дом жасалды деп отыр. Бәйтерек аудандық ауруханасының бас дәрігері Темұр Мұсағалиевтің сөзіне қарағанда, сәбиге "кардиомеголия" деген диагноз қойылды, яғни, жүрегі үлкейіп кеткен.
"Кейін тексерген кезде кенеттен өршіген әлдебір вирустың салдары болар деген ойға қалдық. Өйткені жүректің айналасындағы қабықша қанға толып қалған. Қанның қалай пайда болғаны түсініксіз. Қазір мамандар осыны анықтап жатыр. Бірақ нақты нәтиже әлі шықпады", - деп атап өтті Мұсағалиев.
Қазіргі кезде сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Бірінші сынып оқушыларына 400 мың планшет сатып алынады
Жаңалықтар
0