https://sputnik.kz/20221101/atyrau-oblysynda-zhastarga-arnalgan-turgyn-uy-bagdarlamasy-iske-qosylady-28933053.html
Атырау облысында жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады
Атырау облысында жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. Атырау облысында жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады. 01.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-01T07:55+0500
2022-11-01T07:55+0500
2022-11-01T07:55+0500
тұрғын үй бағдарламасы
жастар
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/1c/19001503_0:1:1500:845_1920x0_80_0_0_fe5faa8643343fe6f7bbe6cad664cdda.jpg
АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. Атырау облысында жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады.Бағдарламаға 35 жасқа дейінгі дәрігерлер, мұғалімдер, мәдениет және спорт қызметкерлері, жоғары оқу орындарының профессорлары, ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми қызметкерлері, журналистер, әлеуметтік сала және коммуналдық кәсіпорын қызметкерлері, сондай-ақ "жетім балалар" санаты бойынша үй кезегінде тұрған азаматтар қатыса алады.Бағдарламаны іске асыру жөніндегі екіжақты келісімге Атырау қаласының әкімі Мейірім Қалауи мен Отбасы банкінің Атырау облыстық филиал директоры Нұрбол Құрман қол қойды.Жобаға облыс әкімдігі 1 млрд теңге және Отбасы банк 600 млн теңге бөледі, деп түсіндірді Нұрбол Құрман.Атырау облысы жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы қолға алынған 7-ші өңір. Жоба бұған дейін Алматы, Астана, Қарағанды, Тараз, Қостанай және Алматы облысында жүзеге асырылды. Барлығын қосқанда облыс әкімдіктері мен Отбасы банкінің жастарды несиелендіруге жұмсаған ортақ бюджеті бүгіннің өзінде 60 млрд теңгеден асты."Атырау жастары" бағдарламасы бойынша әлеуетті несие алушылардың тізімін жергілікті әкімдік қалыптастырады. Өтініштердің қалай қабылданатын және байқау кезеңін әкімдік қосымша хабарлайды.Қатысушылар пулы құрылғаннан кейін, олардың барлығы Отбасы банкінен несие алуға жолдама алады. Үміткерлер өздерінің төлем қабілеттілігін растап, жылдық 5 пайызбен заем ала алады. Мұнда алғашқы жарна 10% ғана болады.Бағдарлама қатысушыларына берілетін несиенің ең жоғары сомасы – Атырау қаласында үй сатып алу үшін 18 млн теңге, Атырау облысында үй сатып алу үшін 13 млн теңгеге дейін. Несие мерзімі – 25 жылға дейін."Атырау жастары" бағдарламасының қатысушыларына қойылатын талаптар:1. Өтінім берген кезде қатысушының жасы 35 жастан (қоса алғанда) аспауы керек.2. Қатысушының Атырау облысында немесе Атырау қаласында кемінде соңғы бір жыл аралығында тұрақты тіркелуі және өтініш берген кезде өзімен бірге тұратын отбасы мүшелерінің Атырау облысында тіркеуі болуға тиіс;3. Бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің соңғы 5 жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің немесе меншік құқығындағы тұрғын үйінің болмауы.4. Атырау қаласында немесе Атырау облысында таңдаған мамандығы бойынша ресми жұмыс өтілі.5. Бағдарламаға ерлі-зайыптының біреуі ғана қатыса алады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/1c/19001503_186:0:1314:846_1920x0_80_0_0_0066cdcf74cae61394fe2eaea6b3debb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тұрғын үй бағдарламасы, жастар
тұрғын үй бағдарламасы, жастар
АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. Атырау облысында жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады.
Бағдарламаға 35 жасқа дейінгі дәрігерлер, мұғалімдер, мәдениет және спорт қызметкерлері, жоғары оқу орындарының профессорлары, ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми қызметкерлері, журналистер, әлеуметтік сала және коммуналдық кәсіпорын қызметкерлері, сондай-ақ "жетім балалар" санаты бойынша үй кезегінде тұрған азаматтар қатыса алады.
Бағдарламаны іске асыру жөніндегі екіжақты келісімге Атырау қаласының әкімі Мейірім Қалауи мен Отбасы банкінің Атырау облыстық филиал директоры Нұрбол Құрман қол қойды.
Жобаға облыс әкімдігі 1 млрд теңге және Отбасы банк 600 млн теңге бөледі, деп түсіндірді Нұрбол Құрман.
Атырау облысы жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы қолға алынған 7-ші өңір. Жоба бұған дейін Алматы, Астана, Қарағанды, Тараз, Қостанай және Алматы облысында жүзеге асырылды. Барлығын қосқанда облыс әкімдіктері мен Отбасы банкінің жастарды несиелендіруге жұмсаған ортақ бюджеті бүгіннің өзінде 60 млрд теңгеден асты.
"Атырау жастары" бағдарламасы бойынша әлеуетті несие алушылардың тізімін жергілікті әкімдік қалыптастырады. Өтініштердің қалай қабылданатын және байқау кезеңін әкімдік қосымша хабарлайды.
Қатысушылар пулы құрылғаннан кейін, олардың барлығы Отбасы банкінен несие алуға жолдама алады. Үміткерлер өздерінің төлем қабілеттілігін растап, жылдық 5 пайызбен заем ала алады. Мұнда алғашқы жарна 10% ғана болады.
Бағдарлама қатысушыларына берілетін несиенің ең жоғары сомасы – Атырау қаласында үй сатып алу үшін 18 млн теңге, Атырау облысында үй сатып алу үшін 13 млн теңгеге дейін. Несие мерзімі – 25 жылға дейін.
"Атырау жастары" бағдарламасының қатысушыларына қойылатын талаптар:
1. Өтінім берген кезде қатысушының жасы 35 жастан (қоса алғанда) аспауы керек.
2. Қатысушының Атырау облысында немесе Атырау қаласында кемінде соңғы бір жыл аралығында тұрақты тіркелуі және өтініш берген кезде өзімен бірге тұратын отбасы мүшелерінің Атырау облысында тіркеуі болуға тиіс;
3. Бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің соңғы 5 жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің немесе меншік құқығындағы тұрғын үйінің болмауы.
4. Атырау қаласында немесе Атырау облысында таңдаған мамандығы бойынша ресми жұмыс өтілі.
5. Бағдарламаға ерлі-зайыптының біреуі ғана қатыса алады.