https://sputnik.kz/20221101/astananyn-meyramkhanalarynda-urlyq-zhasagan-zhigit-ustaldy-28936058.html
Астананың мейрамханаларында ұрлық жасаған жігіт ұсталды
Астананың мейрамханаларында ұрлық жасаған жігіт ұсталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. Астанада мейрамханаларда ұрлық жасап жүрген жас жігіт ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық полиция департаментіне... 01.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-01T10:30+0500
2022-11-01T10:30+0500
2022-11-01T10:30+0500
ұрлық
https://sputnik.kz/img/379/81/3798100_0:160:3075:1890_1920x0_80_0_0_45e169df0dc2db6971df2ff8d6950af1.jpg
АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. Астанада мейрамханаларда ұрлық жасап жүрген жас жігіт ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.26 жастағы қала тұрғыны алдымен Майлин көшесіндегі мейрамханада қонақтар мен келушілердің жоқтығын пайдаланып, 120 мың теңге тұратын "Lenovo" маркалы ноутбукты ұрлап кеткен. Ал түстен кейін Жұмабаев көшесінің бойында орналасқан мейрамханаға барып, "Еpson" маркалы принтерді қолды еткен."Содан кейін тағы 6 ұрлық жасап, барлық затты белгісіз адамдарға және ломбардтарға өткізіп үлгерген. Полицейлер ұрланған заттарды тәркілеп, иесіне қайтарып берді", - дейді департамент мамандары.Күдікті уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Ол кінәсін мойындап отыр. Полицейлер оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.Айта кетері, Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық, бірнеше рет жасалған әрекет) бойынша екі жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкі тәркіленеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/379/81/3798100_172:0:2903:2048_1920x0_80_0_0_c3efff6f4e777575dd972e23bb5364fe.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұрлық
Астананың мейрамханаларында ұрлық жасаған жігіт ұсталды
АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. Астанада мейрамханаларда ұрлық жасап жүрген жас жігіт ұсталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
26 жастағы қала тұрғыны алдымен Майлин көшесіндегі мейрамханада қонақтар мен келушілердің жоқтығын пайдаланып, 120 мың теңге тұратын "Lenovo" маркалы ноутбукты ұрлап кеткен. Ал түстен кейін Жұмабаев көшесінің бойында орналасқан мейрамханаға барып, "Еpson" маркалы принтерді қолды еткен.
"Содан кейін тағы 6 ұрлық жасап, барлық затты белгісіз адамдарға және ломбардтарға өткізіп үлгерген. Полицейлер ұрланған заттарды тәркілеп, иесіне қайтарып берді", - дейді департамент мамандары.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Ол кінәсін мойындап отыр. Полицейлер оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.
Айта кетері, Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық, бірнеше рет жасалған әрекет) бойынша екі жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкі тәркіленеді.