https://sputnik.kz/20221101/4-qarashadan-bastap-saylaushylar-ozinin-tizimde-bar-zhogyn-teksere-alady--osk-28936242.html
4 қарашадан бастап сайлаушылар өзінің тізімде бар-жоғын тексере алады – ОСК
4 қарашадан бастап сайлаушылар өзінің тізімде бар-жоғын тексере алады – ОСК
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 1 қараша – Sputnik. 4 қарашадан бастап сайлаушылар сайлау учаскелеріндегі тізімде өзінің бар-жоғын тексере алады, деп хабарлады Орталық сайлау... 01.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-01T10:49+0500
2022-11-01T10:49+0500
2022-11-01T10:49+0500
президент сайлауы
https://sputnik.kz/img/07e5/01/0c/16002746_0:42:3495:2008_1920x0_80_0_0_e9f563984f89e679a087df6c9d7d23eb.jpg
АЛМАТЫ, 1 қараша – Sputnik. 4 қарашадан бастап сайлаушылар сайлау учаскелеріндегі тізімде өзінің бар-жоғын тексере алады, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.Азаматтар басқа учаскеде дауыс берген жағдайда 4 қарашадан бастап есептен шығару куәлігін ала алады."Жергілікті атқарушы органдарға екі тапсырма берілді. Біріншісі – жазбаша өтініштер, оның ішінде уақытша тіркелген азаматтар негізінде азаматтарды сайлаушылар тізіміне енгізу тәртібі туралы кеңінен хабардар ету. Екінші тапсырма – ақпараттық сервистердің, дәлірек айтсақ, колл-орталықтардың, цифрлық сервистердің, интернет-ресурстардың сайлаушылар тізіміне енгізілуін тексеру және азаматтарға олардың сайлаушылар тізіміне енгізілгені туралы ақпарат беру бойынша барынша жұмыс істеуі керек", – деді Нұрлан Әбдіров.Оның айтуынша, сайлаудың дұрыс ұйымдастырылуы дауыс берушілер тізімінің тиянақты жасалуына байланысты.Орталық сайлау комиссиясы дауыс беруге арналған бюллетень мәтіні бекітілгенін айтты. Президенттікке үміткерлердің аты- жөні алфавиттік ретпен жазылған және "бәріне қарсы" деген жол енгізілген. Орталық сайлау комиссиясы "бәріне қарсы" деген жол сайлау нәтижесіне ешқандай әсер етпейтінін мәлімдеді.ОСК тағы 63 бақылаушыны аккредиттеді. Аккредиттеуге ұсыныс түсуіне қарай халықаралық байқаушылар бойынша деректер жаңартылады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/01/0c/16002746_382:0:3113:2048_1920x0_80_0_0_9d37b1092174ac17ea3283aef3e4ad22.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент сайлауы
АЛМАТЫ, 1 қараша – Sputnik. 4 қарашадан бастап сайлаушылар сайлау учаскелеріндегі тізімде өзінің бар-жоғын тексере алады, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.
Азаматтар басқа учаскеде дауыс берген жағдайда 4 қарашадан бастап есептен шығару куәлігін ала алады.
"Жергілікті атқарушы органдарға екі тапсырма берілді. Біріншісі – жазбаша өтініштер, оның ішінде уақытша тіркелген азаматтар негізінде азаматтарды сайлаушылар тізіміне енгізу тәртібі туралы кеңінен хабардар ету. Екінші тапсырма – ақпараттық сервистердің, дәлірек айтсақ, колл-орталықтардың, цифрлық сервистердің, интернет-ресурстардың сайлаушылар тізіміне енгізілуін тексеру және азаматтарға олардың сайлаушылар тізіміне енгізілгені туралы ақпарат беру бойынша барынша жұмыс істеуі керек", – деді Нұрлан Әбдіров.
Оның айтуынша, сайлаудың дұрыс ұйымдастырылуы дауыс берушілер тізімінің тиянақты жасалуына байланысты.
Орталық сайлау комиссиясы дауыс беруге арналған бюллетень мәтіні бекітілгенін айтты. Президенттікке үміткерлердің аты- жөні алфавиттік ретпен жазылған және "бәріне қарсы" деген жол енгізілген. Орталық сайлау комиссиясы "бәріне қарсы" деген жол сайлау нәтижесіне ешқандай әсер етпейтінін мәлімдеді.
ОСК тағы 63 бақылаушыны аккредиттеді. Аккредиттеуге ұсыныс түсуіне қарай халықаралық байқаушылар бойынша деректер жаңартылады.