https://sputnik.kz/20221031/undistanda-kerme-kopir-qulady--132-adam-koz-zhumdy-28897359.html
Үндістанда керме көпір құлады – 132 адам көз жұмды
Үндістанда керме көпір құлады – 132 адам көз жұмды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Үндістанның Гуджарат штатында төтенше жағдай болды. Керме көпірде тұрған жүздеген адам суға құлап кетті. 132 адам қаза болды, деп... 31.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-31T09:09+0500
2022-10-31T09:09+0500
2022-10-31T09:09+0500
көпір
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/1f/28896134_0:320:3072:2048_1920x0_80_0_0_6e38c669587c0dd55589d57e71619bd3.jpg
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Үндістанның Гуджарат штатында төтенше жағдай болды. Керме көпірде тұрған жүздеген адам суға құлап кетті. 132 адам қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан NDTV арнасына сілтеме жасап.Мачху бөгетінде орналасқан көпір 140 жыл бұрын салынған. Соңғы екі жыл жабық болды. Бұған дейін жөндеу жұмыстары басталып, биыл 26 қазанда аяқталған.Жергілікті биліктің мәліметіне сәйкес, керме көпір құлағанда оның үстінде 500-ден астам адам тұрған. Балалар да көп болған. Барлығы жергілікті мейрамдарға арналғна дәстүрлі әдет-ғұрыпты жасауға жиналды. Апат кезінде 350-ден астам адам суға құлап кетті. 177-сі құтқарылды.Төтенше жағдай жексенбі күні кешкі сағат 18:42-де болған. Құтқару операциясы басталды. Оған әскерилер, сондай-ақ, теңіз флоты мен әуе күштері де тартылды.Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди Гуджарат және Раджастхан штаттарына үш күндік сапармен шыққан. Енді төтенше жағдайға байланысты бұқаралық шараларға қатыспайтын болды. Моди апат болған жерге баруы мүмкін.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/1f/28896134_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_576968a86b7755dc99ee00b967816e6d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көпір
Үндістанда керме көпір құлады – 132 адам көз жұмды
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Үндістанның Гуджарат штатында төтенше жағдай болды. Керме көпірде тұрған жүздеген адам суға құлап кетті. 132 адам қаза болды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан NDTV арнасына
сілтеме жасап.
Мачху бөгетінде орналасқан көпір 140 жыл бұрын салынған. Соңғы екі жыл жабық болды. Бұған дейін жөндеу жұмыстары басталып, биыл 26 қазанда аяқталған.
Жергілікті биліктің мәліметіне сәйкес, керме көпір құлағанда оның үстінде 500-ден астам адам тұрған. Балалар да көп болған. Барлығы жергілікті мейрамдарға арналғна дәстүрлі әдет-ғұрыпты жасауға жиналды. Апат кезінде 350-ден астам адам суға құлап кетті. 177-сі құтқарылды.
Төтенше жағдай жексенбі күні кешкі сағат 18:42-де болған. Құтқару операциясы басталды. Оған әскерилер, сондай-ақ, теңіз флоты мен әуе күштері де тартылды.
Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди Гуджарат және Раджастхан штаттарына үш күндік сапармен шыққан. Енді төтенше жағдайға байланысты бұқаралық шараларға қатыспайтын болды. Моди апат болған жерге баруы мүмкін.