Таразда ер адам журналисті тонамақ болды – видео

© Sputnik / Абзал КалиевИллюстративті фото
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Жамбыл облысының орталығында журналист әйелді тонамақ болған ер адам ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz порталы.
Ресми мәліметке сәйкес, 23 қазанда таңғы сағат 06:40-та әйел адам полиция бөліміне арызданып, белгісіз біреу өзін тонамақ болғанын айтқан. "Жастар" аллеясында оны бірнеше рет ұрған. Сосын ұялы телефоны мен қолма-қол ақшасын тартып алмақшы болған. Әйел қарсылық көрсеткен. Сол кезде шабуыл жасаған ер адам қашып кеткен.
Полицейлер алдымен жәбірленушінің айтуымен қылмыскердің фотороботын жасады. Одан кейін жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларын зерделеп шықты.
Жедел іздестіру шаралары барысында Тараз қаласының 35 жастағы тұрғыны ұсталды. Ер адам өзінің кінәсін толық мойындады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі кезде қазақстан Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлімі 191-бабы 2-бөлімі 1-тармағы (Тонауға оқталу, яғни жәбірленушінің өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес зорлық-зомбылықты қолдана отырып, бөтеннің мүлкін ашық ұрлау) бойынша сотқа тергеу басталды.
Жаңалықтар
0