Сарыағашта банкке 12 млн теңгеден астам шығын келтірген жігіт ұсталды

© Sputnik / Тимур БатыршинАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.10.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 31 қазан – Sputnik. Түркістан облысы Сарыағаш аудандық полиция бөліміне банктердің бірінен шағым түскен. Онда белгісіз біреудің банк қосымшасы арқылы 12 млн теңгеден астам шығын келтіргені айтылған, деп хабарлады Polisia.kz.
Күдікті 2021 жылы банк қосымшасы арқылы жалған тауар сату-сатып алумен айналысқан.
Полиция қызметкерлері аталған жайтты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді.
"Банкке ірі көлемде шығын келтірген күдіктіні ұстау үшін сарыағаштық тәжірибелі полицейлерден арнайы топ құрылды. Олар іздестіру шараларын жүргізіп, куәлардан жауап алды. Ақпарат көздері арқылы күдікті ретінде жергілікті тұрғын анықталды", - дейді полиция.
Күдікті кәсіпкер ретінде тіркеліп, банк қосымша арқылы өзі сатушы, өзі сатып алушы болып, бірнеше рет сату-сатып алу операцияларын жасаған. Алайда ешқандай тауар алмай, ақшаны өз қажетіне жұмсап жіберген. Қазіргі таңда ер адам қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Жаңалықтар
0