Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей Қара теңіздегі кемелерге қай елдің дрондары шабуылдағанын анықтауға кірісті

© Sputnik / Константин Михальчевский / Медиабанкке өтуУчения сил стратегического сдерживания на Черноморском флоте
Учения сил стратегического сдерживания на Черноморском флоте - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.10.2022
Жазылу
Севастопольге он алты дана пилотсыз ұшатын аппарат және теңіз дронымен шабуыл жасалуы украиналық әскери іс-қимыл театрынан тыс Ресей мен НАТО-ның тікелей қақтығысы болуын жеделдетті, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
РФ қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, 29 қазан күні таңертең Қара теңіз флотының кемелері мен азаматтық кемелерге – Севастополь базалық пунктінің сыртқы және ішкі рейдтеріне террористік шабуыл жасалды. Біріккен соққыға тоғыз пилотсыз ұшатын аппарат және жеті дербес теңіз дроны жұмылдырылған.
Қарсыластың барлық әуе нысаны кемедегі әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерімен тез арада жойылды. Қара теңіз флотының теңіз қарулары және теңіз авиациясының күштері Севастопольдің ішкі рейдінде төрт теңіз пилотсыз ұшатын аппарат пен үш дронды сыртқы рейдте атып түсірді.
Оңтүстік шығанағындағы "Иван Голубец" теңіз минасүзгіш кемесі мен желілік қоршауы аздап зақымданған.
Ресей әскери ведомствосы Украинаның 73-ші теңіз операциялары бойынша арнайы орталығының әскери қызметкерлерін даярлаумен Очаков қаласындағы (Николаев облысы) британдық мамандар айналысып жатқанын хабарлады.
"30 қазанда Ресей Федерациясының Қарулы күштері әуе соққысы арқылы Очаков арнайы операция орталығын жойды. Дегенмен, Қара теңіз флотының негізгі базасына теңіз және әуе дрондарымен жаппай шабуыл ұйымдастыру деңгейі Украина Қарулы күштерінің құзыреті мен мүмкіндіктерінің тактикалық-технологиялық шегінен тыс", - деп жазды әскери шолушы.
Сарапшының пікірінше, әртүрлі тиімділіктегі теңізге арналған пилотсыз ұшу аппараты тіпті НАТО-ның өзінде бірнеше елде, атап айтқанда, Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Түркияда ғана бар. Ал Украина бұл жоғары технологиялық клубтың мүшесі емес және оның даярлықтан өткен операторлары жоқ.
Қара теңізде шабуылға ұшыраған кемелер украин порттарындағы ауыл шаруашылығы өнімдерін Африка елдеріне жеткізу бойынша халықаралық бастама аясындағы "астық дәлізінің" қауіпсіздігін қамтамасыз еткен.
Ал анығында астық тасымалдаушы жүздеген кеме Батыс Еуропаға бет алған болатын. Севастополь рейдіндегі альянстың жеті теңіз дроны НАТО-ның қауіпсіз "дәліз" бен азаматтық астық тасымалдаушы кемелерді Ресейге қарсы қолдануға тырысқанын айқындап тұр.
Ресей Федерациясы "астық" келісімінен шыққандықтан, құрғақ жүк тасымалдаушы кемелердің Одесса мен Босфор арасындағы одан әрі қозғалысы эскалация қаупінің арттырады, сондықтан оған жол беруге болмайды.
Хроленконың мәліметінше, Украина әскери-теңіз күштерінің миналары бүкіл Қара теңізде бей-берекет жүзіп жүр және сауда кемесі кездейсоқ жарылса, Батыс бұған Ресейдің Қара теңіз флотын айыптайтыны белгілі. Екінші жағынан, ресейлік тексерусіз жүк кемелері қару-жарақ пен оқ-дәрі тасымалын арттырады. Демек, бүгінде РФ Қарулы күштері үшін стратегиялық шаралар және Қара теңіз флотымен "қауіпсіздік дәлізін" сақтау бойынша жедел іс-қимылдар маңызды.
Табылған теңізге арналған пилотсыз ұшу аппараттарының сынықтары Мәскеуге саналы шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Вашингтондағы ресми тұлғалар жексенбі күні АҚШ Севастопольге шабуыл жасауға көмектеспегенін және оны жүзеге асыру үшін Украинаға барлау ақпаратын бермегенін мәлімдеді. Алайда, сәуір айында Пентагонның өкілі Джон Кирби АҚШ Әскери-теңіз күштеріне тиесілі тәжірибелік жер үсті пилотсыз ұшу аппараттары Украинаға жіберілетінін хабарлады.
Пентаог Sea Hanter немесе Remus сынды суүсті және суасты роботтандырылған аппараттарды дамытуға көп көңіл бөледі. Ал Украина НАТО техникасын сынақтан өткізетін полигонға айналғаны жасырын емес. Сондықтан, арнайы әскери операция аумағына жақын жердегі RQ-4B Global Hawk америкалық стратегиялық барлау аппараты мен басқа да техника ресейлік әуе шабуылына қарсы күрес жүйесінің заңды нысанасына айналуы мүмкін.
Ресейдің "астық мәмілесінен" шығуына АҚШ президенті Джо Байден мен НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбергтің наразылық білдіруі белгілі жағдай. Себебі, Мәскеу осы әрекеті арқылы альянс жоспарын бұзып отыр. Балтық пен Севастополь рейдіндегі дрондар шабуылы Пентагон мен НАТО стратегиясыныңнәтижесі. Бірақ, жай ғана шығып кетуге болмайды. Себебі, бұл Ресейдің теңіз шекарасындағы бүкіл периметрі бойынша жаңа шабуылдара алып келуі ықтимал.
"НАТО мен Ресей арасындағы тікелей әскери қақтығыстың ықтималдығы артып жатыр. Конгрессте АҚШ Ресейді тежеу және оған қарсы күресу бойынша барлық күш-жігерді жұмсауды үгіттеп жатыр", - деп жазды әскери сарапшы.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0