https://sputnik.kz/20221031/qurbysyna-senip-qalgan-ayel-56-mln-tengesinen-ayyryldy-28900100.html
Құрбысына сеніп қалған әйел 5,6 млн теңгесінен айырылды
Құрбысына сеніп қалған әйел 5,6 млн теңгесінен айырылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Астанада құрбысына алданған әйел полицияға арыз жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық полиция департаментіне сілтеме... 31.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-31T10:55+0500
2022-10-31T10:55+0500
2022-10-31T10:55+0500
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744362_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_f2dd2bc41e09e97839841c7048b882fc.jpg
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Астанада құрбысына алданған әйел полицияға арыз жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.58 жастағы әйелдің құрбысы үш жыл бойы үнемі жоғары табыс табуға болатын жоба туралы айтқан. Ол инвестициялық компанияны жарнамалаған. Сосын жәбірленушіге ай сайынғы сыйақы үшін белгілі бір соманы салуды ұсынады. Оған сенген әйел үйін сатып, құрбысына 5 миллион 600 мың теңге жіберіпті. Бірақ ешқандай табыс түспеген. Содан бері бір жыл өткен. Құрбысына алданған әйел полицияға арызданды.Тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады. Ол өз кінәсін мойындап отыр. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 3-бөлігі (Алаяқтық, ірі мөлшерде) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл қылмыс үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкi тәркiленеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744362_747:0:2998:1688_1920x0_80_0_0_9d3da7c43ab1235b9ba4c2a43e48a5ff.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алаяқтық
Құрбысына сеніп қалған әйел 5,6 млн теңгесінен айырылды
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Астанада құрбысына алданған әйел полицияға арыз жазды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
58 жастағы әйелдің құрбысы үш жыл бойы үнемі жоғары табыс табуға болатын жоба туралы айтқан. Ол инвестициялық компанияны жарнамалаған. Сосын жәбірленушіге ай сайынғы сыйақы үшін белгілі бір соманы салуды ұсынады. Оған сенген әйел үйін сатып, құрбысына 5 миллион 600 мың теңге жіберіпті. Бірақ ешқандай табыс түспеген. Содан бері бір жыл өткен. Құрбысына алданған әйел полицияға арызданды.
Тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады. Ол өз кінәсін мойындап отыр. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 3-бөлігі (Алаяқтық, ірі мөлшерде) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл қылмыс үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкi тәркiленеді.