"Мұқағали" фильмі Дубайдағы кинофестивальде бас жүлде алды

© Sputnik / Тимур Батыршин"Қазақфильм" киностудиясы
Қазақфильм  киностудиясы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.10.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 31 қазан – Sputnik. Әлемнің 25 елінен 70-тен асқан фильм қатысқан кинофестивальде қазақстандық "Мұқағали" фильмі бас жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды "Қазақфильм" баспасөз қызметі.
Meta Film Fest, Таяу Шығыс, Азия және Африка киноиндустриясын қамтитын жаңа халықаралық кинофестиваль 27 қазанда Джумейра Пальмасындағы Nakheel Mall-дағы Vox Cinemas кинотеатрында басталды.
Айта кетейік, "Мұқағали", "Ұлы дала таңы", "Ақын" және "Конокрады" атты төрт қазақстандық фильм байқау бағдарламасына таңдалған болатын.
Белгілі қазақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған "Мұқағали" картинасы оның өмірінің соңғы жылдары туралы баяндайды. Фильмді мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы түсірген.
Таспаның сценарийін белгілі қазақстандық жазушы Жүсіпбек Қорғасбек режиссер Болат Қалымбетов және Ғазиз Насыровпен бірлесіп жазды. Фильм қазақстандық прокатқа 2021 жылдың 21 қазанында шыққан болатын.
Фильмнің әлемдік премьерасы 25-ші (PÖFF) Таллин кинофестивалі аясында өтті, онда қазақстандық картина экуменикалық қазылар алқасының жүлдесіне ие болды. Осы жылдың наурыз айында өмірбаяндық картина Кераладағы (Үндістан) 26-шы Халықаралық кинофестивальдің "Әлемдік кино" секциясында ұсынылды. Жақында "Мұқағали" фильмі Қазан кинофестивалінде қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды. Сондай-ақ, фильм Гатчинадағы (Ресей) "Әдебиет және кино" халықаралық кинофестивалінде қоюшы-суретші Ермек Өтегеновтың үздік жұмысы үшін қазылар алқасының арнайы дипломына ие болды.
Жаңалықтар
0