https://sputnik.kz/20221031/khamenovanyn-isi-prokuror-eks-sheneunikti-7-zhylga-bas-bostandygynan-ayyrudy-surady-28920197.html
Хаменованың ісі: прокурор экс-шенеунікті 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады
Хаменованың ісі: прокурор экс-шенеунікті 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Бүгін Атырауда Бақытгүл Хаменованың ісі бойынша кезекті сот отырысы өтті. 31.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-31T14:38+0500
2022-10-31T14:38+0500
2022-10-31T14:38+0500
хаменова
сот
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0d/18885804_0:161:3071:1888_1920x0_80_0_0_9cf59b2e90b79b4ff509901008beb7df.jpg
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Бүгін Атырауда Бақытгүл Хаменованың ісі бойынша кезекті сот отырысы өтті. Сотта прокурор айыпталушыларды бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды AtyrauPress.kz порталы.Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова адамдар тобымен өзара сөз байласып, пара алғаны үшін айыпталып отыр. Прокурор Лаура Асанова Хаменованы 7 жылға бас бостандығынан айыру қажет деп санайды. Оған қоса, мүлкі тәркілеп, мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салуды сұрады. Облыстық мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиевке де тура сондай жазаны тағайындауды сұрады. Айта кетері, былтыр желтоқсан айында Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев ұсталған болатын. Олар Абай ескерткішін орнатуға мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін 4,5 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді. Бас кезінде Хаменованы үй қамаққа алған. Бірақ 22 желтоқсанда екі айға қамауға алуға санкция берілді. Бақытгүл Хаменова 2017 жылдың көктемінде мәжіліс депутаты болып тұрған кезде әлеуметтік желіде танымал болды. Ол елордадағы Астана әуежайына сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атын беру туралы ұсыныс айтты.
https://sputnik.kz/20221013/khamenovanyn-isi-rysqaliev-kutpegen-malimdeme-zhasady-28450003.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0d/18885804_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_5905cdea9c4cd0d140c5d28081fe96fd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
хаменова, сот
Хаменованың ісі: прокурор экс-шенеунікті 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Бүгін Атырауда Бақытгүл Хаменованың ісі бойынша кезекті сот отырысы өтті.
Сотта прокурор айыпталушыларды бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды
AtyrauPress.kz порталы.
Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова адамдар тобымен өзара сөз байласып, пара алғаны үшін айыпталып отыр. Прокурор Лаура Асанова Хаменованы 7 жылға бас бостандығынан айыру қажет деп санайды. Оған қоса, мүлкі тәркілеп, мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салуды сұрады.
"Ол өз жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтеуге тиіс. Сондай-ақ, Хаменоаны "Құрмет" орденінен айыру қажет. Жазаны тағайындағанда бұған дейін қамауда өткізген 1 күнді 1,5 күнмен есептеуді, ал кәмелетке толмаған баласы болғаннан кейін жазаны үш жылға шегеруді сұраймын", - деді Асанова.
Облыстық мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиевке де тура сондай жазаны тағайындауды сұрады.
Айта кетері, былтыр желтоқсан айында Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев ұсталған болатын. Олар Абай ескерткішін орнатуға мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін 4,5 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді. Бас кезінде Хаменованы үй қамаққа алған.
Бірақ 22 желтоқсанда екі айға қамауға алуға санкция берілді. Бақытгүл Хаменова 2017 жылдың көктемінде мәжіліс депутаты болып тұрған кезде әлеуметтік желіде танымал болды. Ол елордадағы Астана әуежайына сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атын беру туралы ұсыныс айтты.