https://sputnik.kz/20221031/germaniya-men-qazaqstan-kun-elektr-stantsiyasyn-saludy-zhosparlap-otyr-28920791.html
Германия мен Қазақстан күн электр станциясын салуды жоспарлап отыр
Германия мен Қазақстан күн электр станциясын салуды жоспарлап отыр
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 31 қазан - Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов елімізге жұмыс сапарымен келген Германияның сыртқы істер министрі Анналена Бербокпен... 31.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-31T15:01+0500
2022-10-31T15:01+0500
2022-10-31T15:01+0500
экономика
германия
қазақстан
https://sputnik.kz/img/old/842/12/8421243_0:161:3071:1888_1920x0_80_0_0_d5bb67c429d985c9ea52dac491a7210e.jpg
АЛМАТЫ, 31 қазан - Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов елімізге жұмыс сапарымен келген Германияның сыртқы істер министрі Анналена Бербокпен кездесті, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.Екі тарап арадағы сауда-экономикалық қарым қатынасты нығайтуды көздейді. Германия – Қазақстанның Еуропалық одақтағы маңызды сауда-экономикалық және инвестициялық серіктесі. Осыған байланысты Астана әлемдік экономикадағы жағымсыз факторларға қарамастан, Берлинмен өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін сақтап, әрі қарай нығайтуға ниетті. Екі ел арасындағы қуаты 45 ГВт жел және күн электр станциялары мен "жасыл" сутегі өндіретін энергетикалық кешен салу жоспарланып жатыр. Сонымен қатар премьер-министр Астанада Германия халықаралық ынтымақтастық қоғамының қамқорлығымен Сутегі дипломатиясы кеңсесін ашу бастамасының маңызын атап өтті. Өз кезегінде Анналена Бербок Қазақстанның соңғы жылдары экономикалық және қоғамдық-саяси салалардағы елеулі прогресін атап өтті. "Екі тарапқа да тиімді болуы үшін экономикалық қатынастарды тең дәрежеде дамыту маңызды деп санаймыз", — деді Германияның сыртқы істер министрі А.Бербок.
германия
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/842/12/8421243_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_74fc679169b231fa1709cff707f5fede.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
германия, қазақстан
АЛМАТЫ, 31 қазан - Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов елімізге жұмыс сапарымен келген Германияның сыртқы істер министрі Анналена Бербокпен кездесті, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Екі тарап арадағы сауда-экономикалық қарым қатынасты нығайтуды көздейді. Германия – Қазақстанның Еуропалық одақтағы маңызды сауда-экономикалық және инвестициялық серіктесі.
Осыған байланысты Астана әлемдік экономикадағы жағымсыз факторларға қарамастан, Берлинмен өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін сақтап, әрі қарай нығайтуға ниетті.
"Өткен жылы Қазақстанда неміс инвестицияларының көлемі 25%-ке артып, 320 млн доллардан асты. Екі ел арасындағы тауар айналымы да өткен жылы 6%-тен, астамға өсіп, 2,2 млрд долларды құрады. Биыл да бұл көрсеткіштер өсіп келеді. "Инвестициялық ынтымақтастықты арттыру және өзара сауда көлемін ұлғайту бойынша айтарлықтай әлеуетіміз бар", — деді Әлихан Смайылов.
Екі ел арасындағы қуаты 45 ГВт жел және күн электр станциялары мен "жасыл" сутегі өндіретін энергетикалық кешен салу жоспарланып жатыр. Сонымен қатар премьер-министр Астанада Германия халықаралық ынтымақтастық қоғамының қамқорлығымен Сутегі дипломатиясы кеңсесін ашу бастамасының маңызын атап өтті.
Өз кезегінде Анналена Бербок Қазақстанның соңғы жылдары экономикалық және қоғамдық-саяси салалардағы елеулі прогресін атап өтті.
"Екі тарапқа да тиімді болуы үшін экономикалық қатынастарды тең дәрежеде дамыту маңызды деп санаймыз", — деді Германияның сыртқы істер министрі А.Бербок.