Қоғам

Бейбіт Атамқұлов Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі болып тағайындалды

© Photo : СЦКБейбут Атамкулов
Бейбут Атамкулов - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысының жарлығымен Бейбіт Атамқұлов Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.
Атамқұловтың қызмет жолы
Бейбіт Атамқұлов 1964 жылы 19 мамырда Алматы облысында дүниеге келген. В.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, Санкт-Петербург мемлекеттік экономика және қаржы университетін бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын Норильск тау-кен металлургия комбинатының мыс балқыту зауытында балқытушы болып бастаған.
ҚР сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінің жүйесінде жұмыс істеді, "Қазметаллэкспорт" республикалық сыртқы экономикалық кәсіпорнының "Черметэкспорт" директоры, "Қарағанды металлургия комбинаты" МАҚ бас директорының бірінші орынбасары болды.
ҚР СІМ жүйесінде 2006 жылдан бастап жұмыс істеді. Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежеге ие.
2019 жылдан 2022 жылға дейін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болды.
Жаңалықтар
0