Ақсу өзенінен мәйіті табылған әйелді не үшін өлтіргені анықталды

© Sputnik / Владислав ВодневИллюстративті фото
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Түркістан облысындағы Ақсу өзенінен мәйіті табылған әйелді кім өлтіргені анықталды.
Алдымен марқұм суға батып кеткен үндістандық студенттердің бірі болуы мүмкін деген болжам жасалды. Суда ұзақ жатып қалғандықтан оны тану мүмкін болмаған. Сараптама әйел екенін көрсетті. Ал тергеу кезінде оны жартастан итеріп жіберген ер адам ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz порталы.
Сот-медициналық сараптама барысында алдымен әйелдің жеке басы анықталды. Ол Төлеби ауданының тұрғыны болып шықты. Шымкентте тұратын туған сіңлісі қалалық полиция бөліміне арыз түсіріп, апасының хабар-ошарсыз кеткенін айтқан. Содан полиция бірден Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша тергеуді бастаған.
Жедел іздестіру шаралары барысында қайтыс болған әйелдің көршісі ұсталды. Ол қарызды қайтармау үшін адам өлтіруге шешім қабылдаған. Алдымен әйелді алдап, Ақсу өзеніне алып барған. Ал жартастың шетінде тұрғанда итеріп жіберген. Әйел алған жарақатынан оқиға орнында қаза болды.
Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Бұл қылмыс үшін сегіз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Жаңалықтар
0