Ақтөбеде екі адамды қинап өлтірген: түнгі клуб қожайыны да ұсталды

© Photo : Пресс-служба департамента полиции Алматы Подозреваемый в наручниках
Подозреваемый в наручниках - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Ақтөбедегі түнгі клубта екі адамды өлтіру бойынша клубтың қожайыны да ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыстық полиция депаратменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, бүгінде осы қылмысқа қатысқандардың барлығы ұсталды. 13 адам қамауға алынды.
"Сонымен қатар, осы ауыр қылмыстың жасалғаны туралы айтпағаны және уақтылы медициналық көмек көрсету шараларын қабылдамағаны үшін осы түнгі клубтың директоры ұсталды", - дейді полицейлер.
Тәртіп сақшылары клубтың лиценциясын жою және оны жабу бойынша сотқа талап енгізбекші.
Бұдан бөлек, қылмыстық істі тергеу аясында барлық көңіл көтеру орны, ондағы қауіпсіздік талаптары және күзетшілердің арнайы лицензиясы бар-жоғы тексеріледі.
Айта кетері, өткен аптада желіде тараған видео елдің жағасын ұстатты. Түнгі клубтың күзетшілер екі ер адамды өлтіріп, тағы екеуін соққыға жыққан.
Зорлықпен өлтіру белгілері бар екі адамның мәйіті Ақтөбедегі Елек өзені жағасында орналасқан "Оазис" монша кешенінің қарсы бетінен табылды.
Жаңалықтар
0