Тоқаев пен Путин қатысатын Ресей мен Қазақстан форумы қараша айында өтеді

© Photo : Пресс-служба Президента Республики КазахстанКасым-Жомарт Токаев и Владимир Путин
Касым-Жомарт Токаев и Владимир Путин  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.10.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 30 қазан - Sputnik. Қараша айының соңында Орынборда президенттер Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің қатысуымен Ресей мен Қазақстан арасындағы өңіраралық ынтымақтастық форумы өтеді, деп хабарлады РФ сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Руденко.
"Бізді әлі Орынборда мемлекет басшыларының қатысуымен өтетін 18-ші өңіраралық ынтымақтастық форумы күтіп тұр. Ол жоспарланғандай қараша айының соңында өтеді деп үміттенеміз", - деді Руденко.
Ол Ресейдің форумға белсенді түрде дайындалып жатқанын айтты.
"Бұл іскерлік қарым-қатынастар мен жастардың араласуына тың серпін беретініне сенімдімін", - деді Руденко.
Жаңалықтар
0