Саясат

Тоқаев Корея президентіне көп адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты

© Sputnik / Абзал КалиевПриспущенный флаг, Акорда
Приспущенный флаг, Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.10.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 30 қазан - Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының президенті Юн Сок Ëльге Сеулде болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты.
"Сеул қаласының Итэвон ауданында көптеген адамның қаза тапқаны жөніндегі суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қайтыс болғандардың жақындары мен туыстарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Ал жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Осындай ауыр сәтте еліміздің азаматтары және өзім Корея халқының орны толмас қайғысын бөлісіп, олармен бірге екенімізді айтқым келеді", – деп жазылған жеделхатта.
Айта кетейік, Итаэвон ауданында Хэллоуин кешінде 151 адам қаза тауып, 82 адам жарақат алды. Қаза тапқандардың арасында шетелдіктер де бар. Қазақстанның бір азаматы көз жұмды. 350-ден астамы із-түзсіз жоғалған. Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёл қайғылы оқиғаға байланысты ұлттық аза тұту жариялады.
Полицейские в Южной Корее  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.10.2022
Оқиға
Сеулде Хэллоуинді мерекелеу кезінде Қазақстан азаматы мерт болды
Жаңалықтар
0