Шымкентте полиция футбол жанкүйерлерінің арасында туындаған жанжалды тоқтатты

© Sputnik / Владислав Водневжанкүйерлер
жанкүйерлер - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.10.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 30 қазан - Sputnik. Шымкентте полицейлер футбол командалары жанкүйерлерінің арасында туындаған жанжалды тоқтатып, оның әрі қарай ушығуының алдын алды, деп хабарлайды Polisia.kz.
29 қазан сағат 17.30-да полицияға Шымкент қаласының тұрғынынан Тәуке хан даңғылы мен А.Байтұрсынов көшесінің қиылысында жастардың жиналғаны туралы хабарлама түсті.
"Ақтөбе қаласының 50 шақты тұрғыны, "Ақтөбе" футбол командасының жанкүйерлері мен шымкенттік "Ордабасы" футбол командасының 10-нан астам жанкүйері кездесіп, өзара жанжал туған. Оларды полиция қызметкерлері тоқтатты", - деді полиция.
Олардың барлығы Шымкент қаласы полиция департаменті Әл-Фараби ауданы полиция басқармасына жеткізілген. Жауап алу барысында азаматтар төбелес жайтын жоққа шығарып, бір-біріне қатысты шағымы жоқ екенін айтқан. Барлығымен профилактикалық әңгіме жүргізілді, деп атап өтті полицейлер.
Жаңалықтар
0